Соңғы жаңалықтар

Теледидардан төбе көрсеткен ұстаз мектептегі жұмысынан шықты

Ел алдына шыққан мұғалім қыз білім саласы немесе саяси шетін мәселелерді қозғап, сын айтып жатса бір жөн ғой. Жоқ, жеке өмірін ретке келтіргісі келген Индира Патталова QOSLIKЕ жобасына өз бақытын табу үшін келген, – деп хабарлайды zakon.kz.

34 жастағы Индира Патталова ұзақ жылдық жалғыздықтан кейін өмірлік серігін табу үшін QOSLIKЕ бағдарламасына үміткер ретінде келген. Өз бақытын іздеген ол, эфирден соң күтпеген жағдайға тап болған. Қаскелеңдегі Пушкин атындағы орта мектепте ағылшын тілі пәнінен сабақ берген ұстаз, бағдарламадан кейін жұмысынан қуылған, делінеді «Еуразия» бірінші арнасындағы сюжетте.

ИНДИРА ПАТТАЛОВА, QOSLIKЕ ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУШЫ:

Мектеп директорының Оқу ісі жөніндегі орынбасары күтіп алды. Сол кісімен сөйлестім. Өз пікірлерін айтты. Сөздің төркінін түсіндім. Ол кісіні айтып келе жатқаннна, орынды босатуыма тура келді. Өзімнің отбасылық жағдайыма байланысты деп мектеп шығуыма, өтініш жазып шығып кеттім.

Индира он жылға жуық Нұрсұлтан Әлімқұлов атындағы орта мектепте жұмыс істеп, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына дейін көтерілген. Ол жерден жұмыстан шығып, Пушкин атындағы орта мектепке қатардағы мұғалім болып жұмысқа кіргеніне бір айдай уақыт болыпты. Аяқ-астынан жұмыстан қуылған ол қатты қобалжып, күйзеліске түсіпті.

ИНДИРА ПАТТАЛОВА, QOSLIKЕ ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУШЫ:

Өте қатты күйзеліске түскенім соншалық үйдегілермен де сөйлеспей қойғам. 2-3 күндей сөйлеспедім. Тек жылаумен. Көбісі байқады. Өздеріңізде көрген шығарсыздар әрең келгенмін.

QOSLIKЕ ұжымы мектеп басшылығының бұл шешіммен мүлде келіспейді. Өз бақытын табу үшін келген нәзік жанды бұлай қорлауға болмайды деп отыр.

ДИАНА СКАТОВА, QOSLIKЕ ЖОБАСЫНЫҢ ЖҮРГІЗУШІСІ:

Неге мұғалім бақытты болуға лайық емес? Неге мұғалім тікелей эфирге келіп, өзінің жеке өмірін құрастыра алмайды? Бұл жерде ұятты қылық танытып жатқан жоқ, бұл жерде ешкіммен арпалысып, ұрысып, біреудің шашынан жұлып жатқан жоқ. Кем дегенде өзінің бір екінші көктемді қарсы алатын адамды ғана іздеді. Оның еш әбестігі жоқ деп ойлаймыз.

Ақпараттың анық-қанығын білу үшін Индираның бұрынғы жұмыс орнына бардық. Алайда ондағылар мектеп директорының орнында жоқ екенін айтып, пікір блдіруден бас тартты. Ал Қарасай аудандық Білім басқармасындағылар бұл жайт туралы былай деп жауап берді.

ӘСЕЛ ЕРКІНБАЕВА, ҚАРАСАЙ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мектеп әкімшілігінен сұрау салдық, не жағдай деп. Енді өздеріңізге белгілі мұғалімдерді жұмысқа қабылдау немесе жұмыстан босату ол тікелей мектеп директоры тарапынан атқарылатын жұмыс. Аталған мұғалім 1 қыркүйекте жұмысқа қабылданған. Осы биылғы жылдың 1 қазанында өз еркімен жұмыстан босатылған, өтініш берген, отбасы жағдайына байланысты. Ал, жаңағы QOSLIKЕ бағдарламасына 3 қазанда барған. Сол жерде түсірілімге түскен.

Мектептен шығарылып, уақытша жұмыссыз жүрген Индира Патталоваға QOSLIKЕ бағдараламасына қатысушы ретінде шақырту жіберілген. Бұл ұсынысты қуана қабылдаған ол, енді өз бақытын тауып, отбасын құруды көздеуде.

Қатысты жаңалықтар

Димаштың 1 жасында түсірілген видеосы желіні шулатты (видео)

azatmedia

В ШЫМКЕНТЕ ВЕДЕТСЯ СРЕДНИЙ РЕМОНТ ПРОСПЕКТА РЕСПУБЛИКИ

azatmedia

РЕШЕНЫ 98% ЖАЛОБ, ПОСТУПИВШИХ В ЦЕНТР «IKOMEK 109» ЗА ГОД

azatmedia