Соңғы жаңалықтар

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА БІРҚАТАР МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАПТЫ

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев «халықпен кері байланыс» қағидасы аясында кезекті жеке қабылдауын өткізді, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «anyqtimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Республика даңғылының тұрғындары карантиндік талаптарды сақтамай, түнгі уақытта жұмысын жалғастырып жүрген Республика даңғылында орналасқан қоғамдық тамақтану орнын тексеруді сұраған болатын. Рашид Мамытұлы жауапты сала мамандарына тәртіп сақшыларымен бірге шұғыл түрде рейд ұйымдастыруды тапсырды.

Ал Жангелдин көшесі №166 үй тұрғындары балалар алаңшасының қажеттігі жөнінде өтініштерін жеткізген болатын. Аудан басшысы аталған аулада биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында абаттандыру және алаңша орнату жұмыстарының атқарылатындығын жеткізді.

Айта кетейік, Әл-Фараби ауданының әкімі @mynbaev_rashid жеке қабылдауын тұрақты түрде әр бейсенбі күні өткізеді. Қабылдауға жазылу үшін тұрғындар әкімдікке келіп, алдын ала өтініш қалдыруы тиіс. Одан бөлек тұрғындар сұрақтарын әр дүйсенбі күні @alfarabi.shymkent парақшасында тікелей эфирде қоя алады.

Қатысты жаңалықтар

Ота жасатуға өз аяғымен келген жасөспірім он күннен бері өлім аузында жатыр

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА АҚ ЖАУЛЫҚТЫ АНАЛАР БАС ҚОСТЫ

azatmedia

ГОСТЯМ ГОРОДА ВРУЧАЮТ НАЦИОНАЛЬНЫЕ СУВЕНИРЫ

azatmedia