Соңғы жаңалықтар

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитеті қалыптастыру – басты мақсат

Ордабасы ауданы бойынша айқындылықпен ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында «Жемқорлық – жегі құрт», «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу медиа жоспары бекітілген. Медиа жоспарға сәйкес, ай сайын облыстық, республикалық  БАҚ-да жемқорлыққа қарсы тиімді мақалалар жариялануы ұйымдастырылуда. Аудан көлемінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында арнайы ауданның адам көп шоғырланатын орындарына және жолдың бойларында көрнекі ақпарат құралдары орналасқан.  

Қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға кеңінен тарту, мемлекет пен қоғам арасындағы байланыстырушы құрал ретінде азаматтың бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен ауданның тиісті ауыл округі әкімдерімен тиісті дербес бөлім басшыларын «Адал көмек» және өздері басқарып отырған мекемелерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы әлеуметтік желілірге тікелей эфирде есеп беру жұмыстары жүргізілуде. Ордабасы ауданында екі жерден сервистік әкімдік ашылып халыққа қызмет көрсетуде.

Халықтық кеңседе мемлекеттік қызмет көрсететін Ордабасы ауданы әкімдігіне қарасты төмендегі 8 дербес бөлімдер қызмет көрсетеді. Олар:

–        Экономика және қаржы бөлімі 1 қызмет;

–        Ауылшаруашылығы бөлімі 4 қызмет;

–        Жер қатынастары бөлімі 9 қызмет;

–        Сәулет және қала құрылысы бөлімі 4 қызмет;

–        Дене шынықтыру және спорт бөлімі 2 қызмет;

–        Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 4 қызмет;

–        Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 28 қызмет;

–        Білім бөлімі 22 қызмет.

Аталған бөлімдерде 74 мемлекеттік қызмет түрі бойынша  (8 маман) өтінішпен келген аудан тұрғындарына кеңес беру арқылы қызмет көрсетеді.

Халықтық кеңсенің жұмыс кестесі аптаның дүйсенбі-жұма күндері 09:00-19:00-ге дейін жұмыс жүргізеді.

Қатысты жаңалықтар

Сынып жетекшілігі үшін берілетін ақыны 100 мыңға көтеру ұсынылды

azatmedia

ПРЕДПРИЯТИЯ СПЕЦИАЛЬНОЙ ЭКОНОМИЧЕСКОЙ ЗОНЫ БУДУТ ОБЕСПЕЧЕНЫ РАБОЧЕЙ СИЛОЙ В РАМКАХ ПРОГРАММЫ «ЕҢБЕК»

azatmedia

Келесі президенттің есімі атала бастады

azatmedia