Соңғы жаңалықтар

Шымкенттегі дендросаябақ жаңа кейіпке енеді

Дендросаябақ

Шымкент қаласындағы А.Асқаров атындағы дендросаябақ алдағы уақытта жаңа кейіпке енеді, деп хабарлайды, деп хабарлайды Azatmedia.kz.

Себебі мұнда абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, вело және жүгіру жолақтары орнатылатын болады. Сондай-ақ, заманауи үлгідегі жарықшамдар қою да жоспарланған.

Бұл жөнінде бүгін қалалық Құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов пен Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ахмет Татыбаев БАҚ-қа берген сұхбатында айтты.

Олардың айтуынша дендросаябақ жаяу жүргіншілер аймағы мен веложүргізушілер аймағы бірыңғай стильге қосылып, тұрғындар үшін бұл қосымша демалыс орны болмақ екен. Жобаның жалпы құны 458 миллион теңге. Жобаға сәйкес онда 2 жолақты 6 457 метр веложол, 3 жолақты 1164 метр болатын жүгіру жолы салынады. Сонымен қатар, саябақтағы гүлзарларды бөліп, жаңа орындықтар, жарықшамдар мен қоқыс жәшіктері орнатылады. Қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар отырғызылып, көгалдандырылады деп күтілуде.

Айта кету керек, саябақ аймағының жалпы орналасуы жаяу жүргіншілер және веложүргізушілер ағынының болжамды қозғалысын ескере отырып шешілген

Қатысты жаңалықтар

ҚАМҚОРЛЫҚ КӨРСЕТІП, ЖАНАШЫР БОЛА БІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР

azatmedia

Президент ақыры отставкаға кетті

azatmedia

«Боратты» алып тастайды

azatmedia

Пікір қалдыру