Соңғы жаңалықтар

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ШЫМКЕНТКЕ МЕГАПОЛИС СТАТУСЫН БЕРУ – ҚАЛАНЫҢ ЖАҢА ТЫНЫСЫН АШТЫ

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов Президент жанындағы орталық коммуникациялық қызмет алаңында өткен баспасөз брифингінде қаланың әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштерін мәлімдеді.

«Үш жыл бұрын Елбасының Жарлығымен Шымкентке республикалық қала мәртебесі берілді. Бұл тарихи шешім Шымкенттің тынысын ашты», – деген Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов үш жылдың даму көрсеткіштерін баяндады. Жалпы үш жылдық инвестиция 1,2 трлн.теңгеден асты.

Осы аралықта қала бюджеті 131,2 млрд. теңгеден биыл 481,6 млрд. теңгеге жетеді деп күтілуде, яғни өсім 3,7 есе болмақ. Инвестиция көлемі соңғы үш жылда 1,9 есеге өсіп, 214 млрд теңгеден биыл 400 млрд теңгеге жетеді деп жоспарлануда. Өнеркәсіп өнім көлемі 425 млрд.теңге болса, жыл соңында 710 млрд. теңге болады деп күтілуде.

3 жыл бұрын 402,5 мың шаршы метр тұрғын үй берілсе, биыл бір миллионға жеткізу жоспарланып отыр. Соңғы үш жылда, биылды қосып есептесек, 853,5 шақырым жол төселеді. Бұрын мұнша көлемдегі жол 10 жылда салынған.

Қатысты жаңалықтар

Ғаламтордағы радикалды идеологияға қалай қарсы тұрамыз?

azatmedia

Білім ұялары жаңа оқу жылына дайын

azatmedia

Қажымұқанның күміс таяғын сыйға алған «Кавказ алыбы»

azatmedia