Соңғы жаңалықтар

Емшіге барған бала қолынан айырылды

Маңғыстау облысында сегіз жасар бала емшінің емінен кейін қолынан айырылды, – деп жазады Sputnik Қазақстан.  

Блогер Азамат Сәрсенбаев Facebook-тегі парақшасында 17 маусымда Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына Қызылсай ауылының тұрғыны сегіз жасар баласымен келгенін айтады.

Дәрігерлер балаға «оң қолдың шынтағына дейінгі гангрена» диагнозын қойды.

«Өкінішке орай, баланың қолын құтқару мүмкін болмады. Сондықтан оң қолды шынтағына дейін кесу үшін хирургиялық операция жасау қажет болды», – деді Азамат Сәрсенбаев.

Ата-анасының айтуы бойынша, операциядан екі апта бұрын бала велосипедтен құлап, қолын сындырып алған. Содан кейін баланы жергілікті «емшіге» апарған. Ол баланың қолын тексеріп, таңып үйіне жіберген.

Он күннен кейін баланың оң қолы жансызданып, баланың ата-анасы дәрігерлерге жүгінді.

Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы.

«Балалар хирургы Құрман Қайранов баланың өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Егер ол уақтылы араласпаса, гангрена бір апта ішінде бүкіл денеге жайылып, бала аман қалмас еді», – дейді Сәрсенбаев.

Дәрігерлердің айтуынша, балалар ауруханасына түскен ауыр жағдайлардың 50%-і халық «емшілерінің» араласуы, халық емімен емдеу салдарынан кейін болады, деп атап өтті блогер.

Қатысты жаңалықтар

Бұрынғы ең жас миллиардердің іш киіммен түскен видеосы желіні шулатты

azatmedia

ОРДАБАСЫЛЫҚ 40 КӘСІПКЕР КЕПІЛСІЗ НЕСИЕ АРҚЫЛЫ КӘСІБІН ДАМЫТУҒА КІРІСТІ

azatmedia

БӘЙДІБЕКТІК КӘСІПКЕР 40 БАЛАҒА МЕКТЕПКЕ ҚАЖЕТТІ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫН СЫЙЛАДЫ

azatmedia