Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: АБАЙ АУДАНЫНДА 38 КӨШЕГЕ ЖАРЫҚШАМ ОРНАТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Абай ауданының әкімі Б.Пармановтың қатысуымен брифинг өтті.Бұхарбай Рысқұлұлы жыл басынан бері аудан аумағында атқарылған жұмыстарды баяндады.

– Абай ауданы бойынша жалпы 34 елді мекеннің 26-сы (80%) мемлекеттік электр жарығымен қамтылып отыр. Қалған 8 елді мекен (20%) жеке меншік транформаторларды пайдаланады. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан 1034 көшенің 73-і (125,8 шақырымды құрайтын) жарықтандырылды. Бүгінгі таңда 1-кезеңдегі 38 көшеге мердігер мекеме «АБМ Билдинг» ЖШС тарапынан жарықшам орнату жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 7 көшеде жарық шамдар толығымен орнатылды, – деді аудан әкімі.

Спикердің сөзінше, аудандағы 453 көпқабатты тұрғын үй 258 аулаға біріктірілген. 2014 жылдан бері жалпы 222 аула абаттандырылып, 58 спорт алаңшасы салынған. Ағымдағы жылы балалар және спорт алаңшаларын орнату жұмыстарына 1 млрд 389 млн.теңге қаржы бөлінді.

Сонымен қатар, 34 елді мекеннің сапалы ауыз сумен 24-і (71 %), табиғи газ жүйесімен 23-і (73,5 %) қамтылса, 11-і қатты отынды пайдалануда. Ал кәріз жүйесімен қамтамасыз ету 31 пайызды құрап отыр. Самал-1-2-3 шағын аудандарында 119,7 шақырымдық жобаға биыл қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, аудан аумағындағы жалпы 453 көпқабатты тұрғын үйдің 374-і кондоминиум нысаны ретінде әділет департаментінен тіркеуден өткен. Бүгінде қалған 76-сын тіркеу үшін тұрғындардан келісім хаттамалары жиналуда.

Қатысты жаңалықтар

«300-400 миллионнан басталады»: Қазақстанда тойханалар жаппай сатылымға қойылуда

azatmedia

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

azatmedia

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА

azatmedia