Басты жаңалықтар Соңғы жаңалықтар

20-дан астам қызметкері бар еңбек ұжымына екпе салдыру міндеттеледі – ДСМ

20-дан астам қызметкері бар ұжымдарға вакцинация міндеттеледі, – деді арнайы брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова, – деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Бүгінгі таңда ұйымдасқан ұжымдар туралы айтқанда, біз құрамы 20 адамнан асатын кез-келген ұжымды меңзейміз. Яғни, 20-дан астам қызметкері бар ұжымға, егер медициналық қарсы көрсетілімдері болмаса, жеті күн сайын ПТР-тест тапсыру немесе вакцина салдыру міндеттіледі, – деді Есмағамбетова.

Оның айтуынша, бүгіндері осы сипатта бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы әзірленіп жатыр, оған қол қойылғаннан кейін бұл талаптар күшіне енеді.

Қатысты жаңалықтар

Белгілі журналист «өмірді түбегейлі өзгертетін» курстың бар былығын жайып салды

azatmedia

«Қазақша Джаке дейміз»: Австралиялық жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызы жайлы не білеміз

azatmedia

Тазабеков діни сеніміне қатысты бар шындықты айтты (видео)

azatmedia