Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚУ ӘЛЕМДІК QS 2021 РЕЙТИНГІСІНДЕ 482-ші ОРЫНДА

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің басқарма төрағасы – ректор Д.Қожамжарованың қатысуымен брифинг өтті. Баспасөз мәслихатында ректор университет рейтингісіне айрықша тоқталды. – М.Әуезов атындағы ОҚУ-і 2012 жылдан бастап QS әлемдегі беделді университеттер рейтингісіне қатысып келеді. Әлемдік рейтинг агенттігі Quacquarelli Symonds (QS) 2021 жылғы әлемнің ең үздік университеттерінің тізімін жариялады. Осы ретте, Қазақстанның 14 ЖОО-ның ішінде біздің университет 3-орынға ие болды. Ұсынылған нәтижелер бойынша ОҚУ 482 позицияны (өткен жылмен салыстырғанда 8-ге жоғарылаған) алып, университеттің әлемдік білім кеңістігінің жоғары стандарттарына сәйкестігін дәлелдеп отыр, – деді басқарма төрағасы-ректор.Спикердің сөзінше, Auezov University 7 жаһандық және 2 ұлттық рейтингке қатысады (Greenmetric – 458-ші позиция, RankPro – 2021, ТОП – 500). Сондай-ақ, ОҚУ – «Химия ғылымдары» пәндік рейтингіне енген Қазақстандағы жалғыз ЖОО.Сонымен қатар, университет 2 жыл бойы Орталық Азиядағы Нобель фестивалінің ресми серіктесі болып табылады. Өткен жылы бұл жоба университеттің имиджі мен трансформациясына оң әсерін тигізді. Ал 13 500-ден астам қатысушылар тамашалған Нобель фестиваліне университеттің 6 ғалымы (үш негізгі бағытта: мүмкіндіктер экономикасы, болашақ индустриясы және EdTrends сессиялары) спикер және модератор ретінде қатысты. Сондай-ақ, «Әуезов оқулары – 19: Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл» атты халықаралық ғылыми – практикалық конференциясы Central Asia Nobel Fest екінші фестивалінің ғылыми-ақпараттық платформасы болып жұмыс істеді.Айта кетейік, ОҚУ-і – Қазақстанның ірі көпсалалы жоғары оқу орындарының бірі. Бүгінгі күнде онда 29 343 адам білім алады. Университетте әлеуметтік осал топтарға жататын студенттерге көмек көрсету жүйесі қолға алынған. Ата – анасының қамқорлығынсыз қалған 222 студентке күнделікті тамақтануға (күніне 1357,26 теңге), оқу ақысын төлеуге, жатақханада тегін тұруға мүмкіндіктер жасалған.

Қатысты жаңалықтар

Үлкен қарны жіптіктей болып жиырылатын

azatmedia

Эксперт ақша сақтауға болатын ең сенімді валютаны атады

azatmedia

«4,2 миллион теңге берілуі тиіс» – «Ана капиталына» қатысты тың дерек шықты

azatmedia