Соңғы жаңалықтар

«Би ырғағында» аудандық байқауына қатысыңыз!

Аудан жастары арасында «Би ырғағында» жас бишілер байқауының Ережесі.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері: Адамзат қоғамының ертеңгі күнгі үміт артар сенімі де, серігі де – жастар! Жастардың бойындағы отан сүйгіштікке, ұлттық рухта тәрбиелеу. Ұлттық би өнерімізді қадірлеп, құрметтеуге баулу.Жастардың шығармашылығына қолдау көрсету және жас талант иелерін халық арасында кеңінен насихаттау. Жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезім қалыптастыру. Ұйымдастырушылар: Аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Қатысу шарттары: Байқауға 14-29 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады. Әрбір қатысушы сұраныс хаты мен жеке куәлік көшірмесі өздерімен болуы тиіс. Өтетін орны мен мерзімі: 2021 жылдың 12 мамыры сағат 10:00-де «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі акт залында өтеді. Байқауға қойылатын талаптар: Бірінші кезеңде: би ұжымдары, жеке бишілер қазақтың ұлттық билерін орындайды. Екінші кезеңде: еркін тақырыпта өз қалаулары бойынша би орындайды. Мысалы; (танго, румбо, ча-ча-ча, вальс, твис т.б). Байқауға қатысатын үміткерлердің ұлтына шек қойылмайды.Қазылар алқасы бишілердің орындаушылық шеберлігіне, сахнада еркін қимыл жасауына, би қойылымының көркемдік деңгейіне, музыканың биге сәйкестігіне және киімінің үйлесімділігіне баса назар аударады. Байқауға қатысушылар 06.05.2021 жылға дейін сұраныс хаттарыңыз бен куәлік көшірмесін аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне orda_jas@mail.ru электронды мекен – жайына жолдауларыңызды сұраймыз. Сауалдарыңызбен 8-705-682-77-07 Үсен, 8-747-364-26-34 Қуаныш, 8-705-360-40-02 Амангүл телефондары арқылы хабарласуға болады. Марапаттау: Бас жүлде, бірінші орын, екінші орын, үшінші орын және ынталандыру сыйлықтары.

Қатысты жаңалықтар

НАГРАЖДЕНЫ 50 ГРАЖДАН, ВНЕСШИХ ВКЛАД В РАЗВИТИЕ МОЛОДЕЖНОЙ ПОЛИТИКИ

azatmedia

Министр шетелдіктердің қанша гектар жерді жалға алып отырғанын айтты

azatmedia

Қазақстанда бірқатар банкноттар айналымнан шықты

azatmedia