Жаңалықтар Соңғы жаңалықтар

«Ішкі істер министрлігінің басшысы Ерлан Тұрғымбаев мойындау керек» – белгілі кәсіпкер министрге үндеу жасады

Белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайбергенов есірткімен күресте жаңа бастамаларды қолға алу керегін айтып, ұсыныс тастады. Кәсіпкердің Ішкі істер министріне жасаған үндеуін Instagram парақшасынан оқуға болады.

«Синтетикалық есірткі мәселесі кәдімгі індетке айналып бара жатыр! Жастарымыздың 50% астамы бұл пәленің дәмін 1 рет болса да көрген! Ештемеден қорықпайтын (неге екен?) есірткі сатушылары телеграм, инстаграм, фейсбук желілерінен басқа, қара тауардың жарнамасын далаға шығарып жатыр! Қаламыздың көптеген үйлерінде, тұрғын комплекстерінде трафаретпен жазылған синтетикалық есірткі жарнамасын табуға болады. Қазақ елі 80 жылдардағы героиндық Американың жолымен кетеді деген ой бар. Өкінішке орай бұл індеттің таралуында біз жеңіліп жатырмыз. Бұны Ішкі істер министрлігінің басшысы Ерлан Тұрғымбаев мойындау керек және бұл ситуацияны қолға алып, есірткімен күрестің жаңа жолдарын табу керек.

Ал оған дейін «Nur Otan» партиясы жазбаларды жоюға арналған акциясын бастауда. Жақын арада осы мәселені республикалық деңгейде қарастырады деп ойлаймын» – деп жазды Қайрат Құдайбергенов.

Қатысты жаңалықтар

ТҮЛКІБАС: ШЕТЕЛДІК МАМАНДАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

azatmedia

ТҰҢҒЫШ КӘСІПҚОЙ БАЛУАН

azatmedia

ОРДАБАСЫДАҒЫ ОҢДЫ ІСТЕР

azatmedia