Басты жаңалықтар

Шымкент: Онлайн форматтағы жаңа ән байқауы басталды

DAUYSTAR

«Anyqtimes» тың жоба бастап жатыр. Дәлірек айтқанда, өнерсүйер қауым арасында әншілікті жанына жалау еткен жандардың дарынын ашу мен халыққа таныту мақсатын көздейтін «ДауыSTAR» жобасы ұйымдастырылуда.

Талантымен талайды тәнті етуді қалайтын өнерлі жандарға үлкен мүмкіндік туып тұр. Байқау толықтай онлайн форматта өтеді. Алдағы уақытта ақпараттар инстаграм желісіндегі @anyqtimes парақшасына салынып отырады.

Байқаудың ережелері мен негізгі талаптары төменде:

Байқау ІІІ кезеңнен тұрады:
І кезең – жалпы конкурс;
ІІ кезең – жартылай финал;
ІІІ кезең – финал;

І кезең : Байқауға қатысушы жанды дауыста орындаған әнінің видеожазбасын anyqtimes@mail.ru поштасына жолдасын. Түсірілген видеоның ұзақтығы 1 минуттан артық болмауы қажет. Видеоны камера немесе ұялы телефонмен түсіруге болады. Ұсынылған материалда қатысушының дауысы анық естіліп, видео сапалы болуы керек. Егерде сапасы талапқа сай болмаса, парақшаға салынбайды яғни байқауға қатысудан шеттетіледі;

ІІ-кезең: Жартылай финалда І-кезеңнен іріктеліп алынған 20 қатысушы өз таңдауымен бір ән орындайды.Ән біздің студияда орындалады және оған арнай бейне түсіріледі. Түсірілген бейнежазба біздің әлеуметтік желідегі парақшаға жүктеледі.

ІІІ-кезең: Финалдық кезең екі турдан тұрады.
1-тур. Әр қатысушы жеке бір ән және дуэт болып бір ән орындайды.
2-тур. Жеке бір ән орындайды.
Финалға 8 қатысушы жолдама алады. Финалдық кезеңде қатысушылар сахнада сайысатын болады. Финалға жолдама алған қатысушылардың 50 пайызын көрермендер таңдаса, қалған 50 пайызын әділқазылар таңдайтын болады.

Байқаудың талаптары :

  1. Қатысушының жасы 16 жастан жоғары болуы тиіс;
  2. Байқауға Шымкент қаласының және Түркістан облысының тұрғындары қатыса алады. Қазақстанның басқа аймақтарынан қатысқан жағдайда финалда Шымкентке келуі өз қаражаты есебінен өтеледі;
  3. Ән жанды дауыспен орындалуы тиіс;
  4. Әнді кез-келген аспаппен сүйемелдеуге болады (домбыра, гитара, барабан, т.б);
  5. Видео біздің Instagram парақшамызға жарияланып, дауыс беру алгоритмі «Like»-пен есептеледі және де әділқазылар таңдайды («накрутка» яғни арнайы қосымшалар арқылы дауыс жинағандар конкурстан шеттетіледі);
  6. Бас жүлдеге – «AnyqTimes» медиатобы авторлық ән және бейнебаян түсіріп береді, сондай-ақ, демеушілер тарапынан қаржылай және бағалы сыйлықтар табысталады;
  7. Жеңімпаз біздің продюсерлік орталықпен келісім-шартқа отыру мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, байқау жеңімпазынан бөлек, біздің продюсерлік орталық өзінің дара стилімен, сондай-ақ өзінің дауысымен ерекшеленген конкурсантпен арнай келісім-шарт жасалынуы мүмкін;
  8. Байқауға қатысушылардың ұсынған материалдары 20 қазанға дейін қабылданады.

Байланыс нөмірі (09:00-19:00 аралығында хабарласуға немесе WhatsApp желісінде жазуға болады): +7 708 777 07 68

View this post on Instagram

Ән байқауының ережесі Байқау ІІІ кезеңнен тұрады: І кезең – жалпы конкурс; ІІ кезең – жартылай финал; ІІІ кезең – финал; І кезең : Байқауға қатысушы жанды дауыста орындаған әнінің видеожазбасын anyqtimes@mail.ru поштасына жолдасын. Түсірілген видеоның ұзақтығы 1 минуттан артық болмауы қажет. Видеоны камера немесе ұялы телефонмен түсіруге болады. Ұсынылған материалда қатысушының дауысы анық естіліп, видео сапалы болуы керек. Егерде сапасы талапқа сай болмаса, парақшаға салынбайды яғни байқауға қатысудан шеттетіледі; ІІ-кезең: Жартылай финалда І-кезеңнен іріктеліп алынған 20 қатысушы өз таңдауымен бір ән орындайды.Ән біздің студияда орындалады және оған арнай бейне түсіріледі. Түсірілген бейнежазба біздің әлеуметтік желідегі парақшаға жүктеледі. ІІІ-кезең: Финалдық кезең екі турдан тұрады. 1-тур. Әр қатысушы жеке бір ән және дуэт болып бір ән орындайды. 2-тур. Жеке бір ән орындайды. Финалға 8 қатысушы жолдама алады. Финалдық кезеңде қатысушылар сахнада сайысатын болады. Финалға жолдама алған қатысушылардың 50 пайызын көрермендер таңдаса, қалған 50 пайызын әділқазылар таңдайтын болады. Байқаудың талаптары : 1. Қатысушының жасы 16 жастан жоғары болуы тиіс; 2. Байқауға Шымкент қаласының және Түркістан облысының тұрғындары қатыса алады. Қазақстанның басқа аймақтарынан қатысқан жағдайда финалда Шымкентке келуі өз қаражаты есебінен өтеледі; 3. Ән жанды дауыспен орындалуы тиіс; 4. Әнді кез-келген аспаппен сүйемелдеуге болады (домбыра, гитара, барабан, т.б); 5. Видео біздің Instagram парақшамызға жарияланып, дауыс беру алгоритмі «Like»-пен есептеледі және де әділқазылар таңдайды («накрутка» яғни арнайы қосымшалар арқылы дауыс жинағандар конкурстан шеттетіледі); 6. Бас жүлдеге – «AnyqTimes» медиатобы авторлық ән және бейнебаян түсіріп береді, сондай-ақ, демеушілер тарапынан қаржылай және бағалы сыйлықтар табысталады; 7. Жеңімпаз біздің продюсерлік орталықпен келісім-шартқа отыру мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, байқау жеңімпазынан бөлек, біздің продюсерлік орталық өзінің дара стилімен, сондай-ақ өзінің дауысымен ерекшеленген конкурсантпен арнай келісім-шарт жасалынуы мүмкін; 8. Байқауға қатысушылардың ұсынған материалдары 20 қазанға дейін қабылданады;

A post shared by АнықTimes (@anyqtimes) on

Қатысты жаңалықтар

Сакен Майғазиев: » Жүрегімнің ішіндегі жүрегім 27 күн короновируспен ауырды»

azatmedia

Індетті жұтырғандар қайта көбейіп жатыр: Карантин режиміне оралуымыз мүмкін бе?

azatmedia

Грант 2021: МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ ГРАНТЫ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ЕСІМДЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру