Басты жаңалықтар Саясат

Коронавирустың кесірінен Қазақстан мұнайдың 1,6 трлн теңгесін жоғалтты

Мұнай

Пандемияға байланысты Қазақстанның мұнай саласындағы табысы 46%-ға төмендеді, деп хабарлайды Azatmedia.kz LS-ке сілтеме жасап.

Келесі жылы Үкімет мұнай табыстарына сүйенбей, шикізаттық емес сектордағы салық базасын ұлғайту бойынша жұмыс істей бастамақ.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов пандемияға байланысты елдің қанша жоғалтқанын айтты.

«Мұнай саласына келетін болсақ, осы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша, өткен жылмен салыстырғанда кірістер 46%-ға немесе 1,6 трлн теңгеге төмендеді», – деді ол.

Сонымен қатар, мұнай экспортынан кедендік баж салығы өткен жылмен салыстырғанда 350 млрд теңгеге қысқарған.

«Жыл соңына дейін біз мұнай бағасын барреліне 20 доллар деңгейінде жоспарладық. Сондықтан мұнай секторынан қандай да бір түсімді ойламаймыз. Келесі жылы мұнай бағасы бұл мөлшерден біршама жоғары болады деп жобалап отырмыз», – деп атап өтті вице-премьер.

Ол бүгінде Үкімет экономиканы қалпына келтіру бойынша кешенді жоспарды жүзеге асырып жатқанын еске салды. Тиісінше, келесі жылы Үкімет мұнай табыстарына сүйенбей, шикізаттық емес сектордағы салық базасын ұлғайту бойынша жұмыс істей бастамақ.

Еске сала кетсек, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының таза пайдасы 2020 жылдың І жартыжылдығында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 96,7% -ға төмендеп кеткен.

Қатысты жаңалықтар

Еліміздегі орташа жалақы – 211 мың теңге

azatmedia

Танымал блогер айрықша ұсыныс айтты

azatmedia

Біртанов туралы тың дерек шықты (Видео)

azatmedia

Пікір қалдыру