Басты жаңалықтар Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында пара алған судьяға сот үкімі шықты (Видео)

Сот Түркістан

300 мың теңге пара алды деп айып тағылған экс-судья 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпаратық порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың сәуір айында Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының  төрағасы Түгел Бекімбетов пара алды деп күдікке ілінген болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің мәліметінше, ол азаматтық іс бойынша К. есімді азаматтың пайдасына шешім шығару үшін 300 мың теңге көлемінде пара алған жерінде ұсталған.

Жемқорлықпен күресушілер оны өз үйінің алдынан құрықтады. Жарты жылға жуықтаған іске бүгін  нүкте қойылды. Бұл іс Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотында қаралды. Судья Момбек Әмірбековтің мәліметінше, экс-судьяға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы, 2-бөлігімен айыптау үкімі қабылданған.  

«Бекімбетовтің қабылдаған антын бұзғанын назарға алып, мұндай қылмыстар сот билігінің беделін түсіретінін ескеріп, сот 5 жыл нақты мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды әділ деп санайды. Ал пара берген К.Ережепов 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды» делінген Қаратау аудандық соты берген мәліметте.  

Айта кетейік, бұл екі сотталушы да өз кінәларын мойындап, өкінген. Екеуі де жазасын қауіпсіздігі барынша төмен түзету мекемесінде өтейтін болады. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Қатысты жаңалықтар

Нан: зиян ба, пайдалы ма?

azatmedia

ШЫМКЕНТ: ҮШ ЖАҚТЫ КОМИССИЯ ШИЕЛЕНІСКЕН МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДЕ

azatmedia

Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

azatmedia

Пікір қалдыру