Соңғы жаңалықтар

Праймеризде сүрінген танымал тұлғалар

Azatmedia.kz. Праймеризге еліміздегі белгілі өнер және спорт жұлдыздары да белсене қатысты. Қоғамда орны бар қайраткерлер де қатардан көрініп жатыр. Әлеуметтік желілерде миллиондаған оқырманы бар танымал жұлдыздар қанша дауыс жинады? Azatmedia.kz сараптап көрді.

Қабатов Тұрсынбек Амагелдіұлы

Елімізге белгілі әзіл-сықақшы. Оның әрбір әзілін ел сүйіп көреді. Инстаграм әлеуметтік желісінде 1,6 миллион оқырманы бар. Дегенмен, праймеризде жолы болмады. Жинаған дауыс саны – 243.

Ерманов Жүрсін Молдашұлы

Ақын, қазіргі айтыс өнерінің ұйымдастырушысы. Инстаграм әлеуметтік желісінде 56 мыңнан аса оқырманы бар. Праймеризде жинаған дауыс саны – 375.

Артаев Бахтияр Карипуллаевич

Қазақстандық боксшы, Афина олимпиадасының чемпионы. Инстаграм әлеуметтік желісінде 4,8 мың оқырманы бар. Праймеризде жинаған дауыс саны – 209.

Төребаев Мейіржан Мылтықбайұлы

Елімізге белгілі вайнер. Әр әзілі 400 мыңнан аса қаралым жинайды. Инстаграм әлеуметтік желісінде 2,5 миллионнан аса оқырманы бар. Праймеризде жинаған дауыс саны – 707.

Әбдімәлік Жансая Даниярқызы

Шахматшы. 14 жасында әйелдер арасындағы гроссмейстер атанған дарынды қыздың инстаграм әлеуметтік желісінде 21,6 мың оқырманы бар. Праймеризде жинаған дауыс саны – 969.

Ескендір Ибрагим Хашимұлы

Елімізге белгілі әнші. Инстаграм әлеуметтік желісінде 115 мың оқырманы бар. Праймеризде жинаған дауыс саны – 195.

Ошақбаева Құралай Серікқызы

Жеке кәсіпкер, тележүргізуші. Инстаграм әлеуметтік желісінде 1,1 миллион оқырманы бар. Праймеризде жинаған дауыс саны – 459.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандағы тәуелсіздіктен бұрынғы және кейінге дінге бетбұрыс

azatmedia

Сопылық ағымның ерекшеліктері

azatmedia

«Қызымның төсінде силикон жоқ» – Аша Матайдың әкесі қызын сынағандарға шүйлікті

azatmedia

Пікір қалдыру