Соңғы жаңалықтар

Коронавирусқа шалдыққандар саны 27 миллионнан асты

Коронавирус

Әлем бойынша коронавирусқа шалдыққандар саны 27 миллионнан асты деп хабарлайды, – Azatmedia.kz ақпараттық порталы Джон Хопкинс университетінің сайтына сілтеме жасап.

Сайттағы 7 қыркүйек таңғы сағат 09:55-тегі көрсеткіштер бойынша әлемде барлығы 27 003 973 адам коронавирусқа шалдыққан. Қаза болғандар саны 882 062 болса, 18 056 984 адам аурудан айығып шыққан.

4 қыркүйек күні The Lancet журналында ресейлік «Спутник V» вакцинасын клиникалық зерттеудің І және ІІ кезең нәтижелерін жариялаған болатын. Ал 5 қыркүйекте АҚШ президенті Дональд Трамп ресейлік және америкалық вакцина жайындағы өз ойымен бөлісті. Ақүй басшысының сөзінше, ресейлік вакцинаға толық сенім артуға болмайды, ал америкалық вакцина барлық стандарттарға сай болады.

Айта кету керек, қазір әлем бойынша коронавирусқа шалдыққандар саны жөнінен АҚШ бірінші орында тұр. Құрама Штаттарда 6 275 775 адамнан коронавирус анықталған.

Қатысты жаңалықтар

Мұрат Жолдыхожаев: «Көздеген мақсатымыз бен арманымызға бірге жетеміз!»

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ ХАЛЫҚ САНАҒЫНЫҢ І КЕЗЕҢІН ӨТКІЗУГЕ ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ

azatmedia

АУДАНДЫҚ ОНЛАЙН-СЕМИНАР ӨТТІ

azatmedia

Пікір қалдыру