Алматыда 16 жастағы қызынан көз жазып қалған алматылық отбасы перзенттерінің өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр. Миллиондар тұратын мегаполисте дәрігерлер анализ алмай әуреге салып уақытты текке жоғалтқанын айтып ашынды олар, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Қапияда жалғызынан айырылып қалған отбасы дәрігерлердің дұрыс диагноз қоймағынына қынжылуда. Әуелбаста қолындағы бөртпелерін көріп, қызылша немесе аллергия десе, кейіннен сырқаты қоймаған соң көмейдегі бадамша бездерінің қабынуы деп ем-дом жасауды нұсқапты. Дертінен айықпаған өрімдей қызымыздан дер кезінде анализ алмағандықтан, осындай жағдайға тап болдық дейді анасы.
«Үйге келіп анализ алыңыздар дедім. Сөйтіп едім, біз анализ ала алмаймыз деді. Үш күн жүріп, қайтыс болды. Уақыт өткізіп алдыңыздар, соқырішегі жарылып кетті деп айтты», – дейі анасы Жанар Сапарғалиева.
Анасының айтуы бойынша, Лаура есімді қыздары бұрын қатты сырқаттанып көрмепті. Бұл жолы қызуы көтеріліп, оны арнайы дәрілермен түсіріп отырған. Қызылша деген соң, басқа бір детке шалдықты деген үш ұйқтасақ, түсімізге кірмеді дейді. Арада төрт күн өткеннен кейін ғана соқырішек ауруына шалдыққаны анықталған.
«Қалқаманға апарып едік өздері диагнозын соқырішек деді. Өкпесі таза екенін айтып, анализ тапсыртты. Соясы мен белорубині көп деді. Баланың соқырішегі жарылғанын айтты», – дейді марқұмның анасы.
Ота жасап, бойжеткенді палатаға ауыстырған. Сол түні жағдайы нашарлап, жансақтау бөліміне түсіпті. Бұдан кейін комадан бірақ шықты. Көп ұзамай қыз көз жұмған.
Ал қалалық денсаулық сақтау бақармасы бұл іске қатысты арнайы комиссия құрылғанын айтты.
«Қазір бұл оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылды. Сонымен қатар, тәуелсіз сарапшылар да жұмылдырылды. Қызметтік тексеру басталды. Комиссияның тексеру нәтижелері туралы ақпарат қорытынысы шыққанан кейін ата-анасына хабарланады. Бұл мәселе басқарманың ерекше бақылауында. Барлық қажетті шаралар қабылданады», – дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасы дәрілік қамтамасыз ету және дәрілік-техникалық жабдықтау бөлімінің басшысы Ләйлә Иманғалиева.