Соңғы жаңалықтар

Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 12,2 триллион теңгеден асты

«БЖЗҚ» АҚ-дағы зейнетақы жинақтары ағымдағы жылдың басынан бері 1,4 трлн теңгеге немесе 13%-ға ұлғайды, – деп хабарлайды  Azatmedia.kz ақпараттық порталы БЖЗҚ ресми сайтына сілтеме жасап.

Сайт мәліметінше, 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі деректер бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 12,2 триллион теңгеден асқан. Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасты, оның мөлшері 11,9 трлн теңге немесе жинақтардың жалпы көлемінің 97,6% құрады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 294 млрд теңге (өсім 2,4%), ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2 млрд теңгеден (өсім 0,02%) асқан.

2020 жылдың басынан бері салымшылардың шоттарына жалпы көлемі 685,6 млрд теңге зейнетақы жарналары аударылған, ол алдыңғы жылдың 8 айындағы көрсеткіштен 8% асып түсті.    

Жыл басынан бастап 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қор салымшыларының шоттарына 871,9 млрд теңге таза инвестициялық табыс есептелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 443,1 млрд теңгеге артық. Ал 2019 жылдың 8 айындағы таза инвестициялық табыс 428,8 млрд теңгені құраған болатын.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ҮШ СПОРТ КЕШЕНІНДЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

azatmedia

НҰРЛАН БАЙҒҰТ: ТҰРҒЫНДАР ТАРАПЫНАН КӨТЕРІЛГЕН ӘР БІР МӘСЕЛЕ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАУ КЕРЕК

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕГІ РЕСПУБЛИКА ДАҢҒЫЛЫНДА ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

azatmedia

Пікір қалдыру