Оралда қолдан жасалған ұшақ апатқа ұшырады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Апат 28 тамызда 8:30-да болды. Оқиға болған жерге БҚО төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері барған.
«Қолдан жасалған ұшу аппараты «Казинское» бау-бақша серіктестігінің маңына құлады. Оқиға болған жерде 69 жастағы ұшқыш көз жұмды», – деп хабарлады БҚО ТЖД өкілдері.
Құтқару жұмыстарына 4 бірлік техника мен 18 құтқарушы жұмылды.
«Бір орындық ұшақтың құлауынан ұшқыш жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Басқа зардап шеккендер жоқ», – деп атап өтті БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілі.