Соңғы жаңалықтар

ТӘУЛІККЕ ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН ПӘТЕРЛЕР БОЙЫНША РЕЙД ӨТТІ

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданында тәуліктік жалға берілетін пәтерллер бойынша рейд өтті, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «anyqtimes.kz» ақпараттық агенттігі. Аудан әкімі Рашид Мыңбаев аудан тұрғындарына инстаграм әлеуметтік желісі арқылы онлайн форматта сұхбат берген болатын. Тікелей эфирде тұрғындар тарапынан айтылған көптеген мәселелер талқыланды, оның ішінде жалға берілетін пәтерлердің мәселесі басты назарға алынды.Бұл ретте Әл-Фараби ауданы әкімдігінің мамандары Т.Айбергенов көшесі бойында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердегі тәулікке жалға берілетін пәтерлер бойынша рейдтік іс-шара ұйымдастырды.Рейд барысында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің Заң талаптарын бұзған көпқабатты тұрғын үйлердегі пәтерді тәулікке жалға алған тұлғалар анықталды. Аталған заң аясында 3 азаматқа ескерту берілсе, 6-на хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Сондай-ақ, құзырлы органдармен бірлесіп өткізген тексеру кезінде азаматтарға түнгі тыныштықты бұзбау мен қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде заң талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Қатысты жаңалықтар

Ясауи хикметтерінің мәні

azatmedia

«ТӨЛЕМ» ЭЛЕКТРОНДЫҚ БИЛЕТТЕНДІРУ ЖҮЙЕСІ ҚАРАШАДА ЕНГІЗІЛЕДІ

azatmedia

Мамандар телефонда қандай смс сақтауға болмайтынын ескертті

azatmedia