Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Алтынай Жолдыбаева кезекті ашық образымен елдің қызу талқысына қалды. Атышулы әнші бұл жолы қала көшелерінде қысқа әрі кеудесін ашып тұратын көйлекпен жүріп өтцп, көпшіліктің наразылығына ие болды деп хабарлайды Azatmedia.kz KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап
Алтынай Жолдыбаева Instagram парақшасында оңтүстік астана көшелеріне ел алдына ашық образбен шыққан видеосын жариялап, аяусыз сынға ұшырады. Бейнежазбада өнер иесінің тым қысқа әрі кеудесі мен арқасын ашып тұратын қара түсті көйлекпен жүріп келе жатқаны көрініс тапты.
Бұл шоу-бизнес сылқымының кезекті ерекше фотосессиясы кезіндегі сәттің үзіндісі болып шықты.
Желі қолданушылары қалай болғанда да Жолдыбаеваның жартылай жалаңаш образдарын мүлдем құптамайды. Олар әнші арудың киімдері барған сайын ашық бола бастағанын кесіп айтты.
Оның үстіне, көпшілік Кәмшат Жолдыбаева екеуінің ерсі әрекеттері қазақ қыздарына сай емес екенін жеткізіп, олардың жас буынға теріс тәрбие беріп отырғандарын түсіндіруге тырысты.
«Кимей-ақ қою керек еді» , «Саған басқа елге көшіп кеткен дұрыс болар» , «Жас қыздарға қандай тәрбие беріп жатырсыңдар? Әпкесі екеуі барған сайын жалаңаштанып жүр» , «Сөзім жоқ. Осы қыздарды тәртіпке салатын біреу бар ма? Ата-анасы, ағалары қайда қарап жүр?» , «Көшеге осылай шығу жөн болып кеткен ба?» , «Әпкесі екеуі жалаңаш шықса таңғалмайтын болдық» , «Ұят, қазақ қыздарына лайық емес. Өте жат қылық. Сөз шығын сендерге» , – деп күйінді желідегілер.