Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 900-ГЕ ЖУЫҚ ПӘТЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛЕДІ

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қала аумағында салынып жатқан тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың құрылыс барысын аралап, жобалардың орындалу қарқыны мен сапасын бақылады. Шаһар басшысы алдымен әкімшілік-іскерлік орталығында бой көтеріп жатқан тұрғын үй кешендерінің құрылысымен танысты. Бүгінде 5 қабатты 22 тұрғын үйдің 13-нің құрылысы толық аяқталып, пайдалануға беру үшін қажетті құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Қалған 9 тұрғын үйді биыл “Отбасы банк” арқылы тұрғындарға тапсыру жоспарланған. Жалпы аумағы 7,74 гектарды құрайтын тұрғын үй кешенінде 880 пәтер бар. Сонымен қатар, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне қажетті ойын және спорт алаңдары, автотұрақтар мен өзге де әлеуметтік инфрақұрылым нысандары қарастырылған.

Жұмыс сапары барысында қаланың сәулеттік келбетін айқындайтын жаңа жобалардың бірі – Рәміздер алаңының құрылысы да таныстырылды. Жаңа қала аумағында бой көтеретін бұл нысан өңірдің сәулеттік келбетін толықтыра түспек. Осыған байланысты қала әкімі жауапты сала басшылары мен мердігер ұйымдарға барлық нысандарды уақытылы әрі сапалы аяқтап, пайдалануға беру жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.

Тұрғын үй құрылысының қарқын алуы Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына және халық санының өсуіне байланысты тұрғын үйге деген сұранысты қамтамасыз етуге бағытталған. Жаңа баспаналардың салынуы азаматтардың өмір сүру сапасын арттырып, заманауи талаптарға сай жайлы қалалық орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жаңа тұрғын үй кешендерінде қарастырылған абаттандыру жұмыстары тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Аулаларды көгалдандыру, балалар алаңдарын орнату, спорттық нысандар мен демалыс орындарын ұйымдастыру арқылы тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы ортада өмір сүруіне жағдай жасалмақ.

Түркістан қаласында тұрғын үймен қатар әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар нысандарды дамыту жұмыстары да қатар жүргізілуде. Бұл жобалар шаһардың инфрақұрылымдық мүмкіндігін кеңейтіп, заманауи әрі қолайлы қала бейнесін қалыптастыруға ықпал етеді. Алдағы уақытта да қала аумағында құрылыс саласын дамыту, жаңа тұрғын үй жобаларын жүзеге асыру және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жалғасын табады. Басты мақсат – халықтың әл-ауқатын арттырып, Түркістанды өмір сүруге қолайлы әрі заманауи қала ретінде дамыту.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ДӘРІГЕРЛЕР АУЫР ХАЛДЕГІ ЖҮКТІ ӘЙЕЛ МЕН СӘБИІН АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ

azatmedia

Нұр-Сұлтанда карантин шаралары күшейтілді

azatmedia

«Ешкімнің мұрнын бұзған жоқ»: Қайрат Нұртастың өкілі төбелеске қатысты

azatmedia