Зулыпбекова Нурилла Кендирбековна Төлеби ауданы Ленгір қаласындағы N7 IT мектеп-лицейінде 2018 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Осы жылдар аралығында Нурилла Кендирбековна өзін теориялық білімі терең, педагогикалық шеберлігі шыңдалған, өз ісінің қыр-сырын терең меңгерген маман ретінде танытты. Нурилла Кендирбековнаның сабақтарына шығармашылық, ізденіс сипаты тән. Ол қазақ сыныптарында орыс тілін оқытудың дәстүрлі түрлерін жаңа әдіс-тәсілдермен ұтымды ұштастыра біледі. Соның нәтижесінде қысқа уақыт аралығында Нурилла Кендирбековна жақсы көрсеткіштерге жете білді. 2018-2019 оқу жылында 5-ші сынып оқушысы Серік Абуали оқушылардың аудандық, облыстық пән олимпиадасында I Дәрежелі Диплом, республикалық пән олимпиадасында III Дәрежелі Дипломға ие болды. Келесі оқу жылдарында оқушылары 3 жыл қатарынан мектеп оқушыларының пән олимпиадасынан, ғылыми жоба сайысынан жүлделі орындарға, Марапаттау қағазына, Алғыс хаттарға ие болып келді.Орыс тілі пәнінен де оқушылар мен мұғалімдер әртүрлі сайыстардан жүлделі орындарға ие болып келеді.
Нурилла Кедирбековнаға берілген кез-келген тапсырма дер кезінде және үлкен жауапкершілікпен орындалады.Ол тәжірибелі ұстаз ғана емес, шебер ұйымдастырушы, тәжірибелі тәлімгер. Біздің мектеп оқушылары талантты ұйымдастырушы Нурилла Кендирбековнаның жетекшілігімен бірнеше рет аудан, облыс көлеміндегі білім-өнер сайыстарының жеңімпаздары. Жаңа бағдарламаның бірінші деңгей мұғалімі ретінде, озат ұстаз ретінде Нурилла Кендирбековна Мектептің Даму Жоспарына, жас мамандарға тәлімгерлік етуде өзінің үлкен үлесін қосып жүрген тәжірибелі маман. Зулыпбекова Нурилланың ерекше атап өтетін қасиеті – жаңалыққа жаны құмар. Білім саласында болып жатқан өзгерістерден тек хабардар болып қоймай, оң өзгерістерді тәжірибесінде қолданатын, батыл шешімдерге бел буа білетін, сынақтан алғашқы болып өтетін ұстаздадың қатарынан. Әріптестерімен, ата-аналармен, оқушылармен қарым-қатынасы мәдениетті, сыпайы. Гүлдана Айдарбекова, директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары.