Қоғам

Суда жүзу ережелері мен қауіпсіздік шараларын сақтаған жөн

Түркістан қаласының аумағында су айдындарында жылда жаз мезгілінде жазатайым оқиғалар тіркеледі. Бұл көбіне жұрттың тыйым салынған орындарда шомылуы, су қоймаларының жанында алкоголь ішуі және балаларды қараусыз қалдыруы себепті болады. Түркістандық төтенше жағдайлар басқармасы су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп өтті. 

Белгіленбеген су орындары қауіпті. Себебі оның түбі зерттелмеген. Түбінде сынған әйнек, балық аулау торы, сым, арматура, тас секілді қауіпті заттар болуы мүмкін. Сондықтан мұндай орындарда шомылу қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

Сондай-ақ өзендерде де шомылу қауіпті. Себебі өзеннің ағысы бар. Әсіресе жағадан ұзап кеткен адам үшін қауіпті. Жағалаудан неғұрлым алыс болса өзеннің ағысы су бетінде де, астында да қатты болады.

Сондай-ақ су құйылған тастанды қазаншұңқырлар да қауіп төндіреді. Сондықтан мұндай орынға кіруге және ойнауға қатаң тыйым салынады. Арнайы жабдықталған жағажайлар қауіпсіз болып саналады.

Жыл сайын шомылу кезеңі басталар алдында тиісті қызметтер жағажайларды тексеруі тиіс. Шомылуға болатын арнайы шекарасы белгіленеді, балалар үшін шомылуға арналған жеке орындар жабдықталады. Құтқару құрал-жабдықтары және бақылау мұнаралары орнатылады.

Қауіпті жағдайлар әртүрлі болады. Бірақ себептері бірдей: өзінің жай-күйі мен қауіпсіздік ережелерін елемеу, яғни тыйым салынған жерлерде шомылу, ұзақ жүзу және суда ұзақ уақыт болу.

Балаларға қатысты жазатайым оқиға негізінен ересектердің қарауынсыз қалуынан, денесі құрысып қалғанға дейін салқын суда ұзақ шомылуынан болады. Сондай-ақ жүзе алмауы, қауіпті ойындар, арғы жағасына дейін жүзіп өтуге ұмтылуы және жүзе алмағандықтан түрлі заттармен жүзуі де қайғылы аяқталып жатады.

Су – адам үшін қауіпті апат, тілсіз жау. Тіпті тыныш ағып жатқан тынық судың өзі қауіпсіз сияқты көрінгенімен, оның да өзіндік қауіптілігі бар.  Әдетте, жүзе алмайтын балалар белден жоғары келетін, судың терең жеріне бара бермейді, сондықақтан  суда жүзе алмайтын балалар емес, өзін жақсы жүзе аламын деп санайтын балалар судағы қайғылы жағдайларға ұшырап жатады.

«Балаларға арналған судағы қауіпсіздік» тақырыбы балаларға ереже тәртібін оқытуға және жазатайым жағдайлардың санын азайтуға бағытталған. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы кішкентай балалар шомылу кезінде үнемі үлкендердің қарауында болуы тиіс. Сәл үлкенірек жастағы жеткіншек балалар, өздері су айдынына шомылуға барған кезде де, суға түсуге рұқсат етілген, қауіпсіздігі сақталған, су астындағы терең ой-шұқырлары жоқ, қатты су ағысы, иірімі немесе толқыны жоқ жерлерде шомылуы қажет. Көптеген жазатайым оқиғалар суға шомылуға тыйым салынған жерлерде орын алады.

Едәуір ересек балалар суда жүзе білу және суда өзін дұрыс ұстау ережелерін біліп қана қоймай, судағы қиын жағдайларда өзін ұстай білу машығын да меңгеруі қажет. Олар егер аяқтың тырысуы болған жағдайда, өзін қалай ұстау керектігін, суға батып бара жатқан адамды шамалауды, оған алғашқы медициналық көмек көрсетуді және т.б. білуі қажет. 

Балалардың судағы қауіпсіздігі туралы ата-аналар нені білуі керек?

Суға тамақтанғаннан кейін біржарым сағаттан соң шомылуға болады; егер судың температурасы +16 °С төмен болса, суға түсуге болмайды, себебі судың суықтығынан аяқ-қолдың тырысуы немесе естен айырылу жағдайлары болуы мүмкін; су температурасы +17 °С-ден +19 °С-ге дейін және ауаның температурасы  +25 °С болған жағдайда, суда 10-15 минуттан артық шомылуға болмайды; суға тек қана суға түсуге арналған қауіпсіз, арнайы жабдықталған жерлерде түсу керек. Егер сіз жабайы табиғи жерлерде шомылуды шешсеңіз, суы таза, тереңдігі 2 м аспайтын, судың түбі қиыршық тасты немесе құмды жерді және ағысы жай 0,5 м/с жоғары емес орынды таңдағаныңыз жөн (тексеру үшін суға жаңқа немесе таяқ тастаңыз). Әрқашан су түбін тексеру қажет және шомылып жатқан балаларды қадағалаңыз. Балалар су жағасында шомылулары қажет. Ешқашан шалшық суға түспеңіз; Егер сіз мас күйде болсаңыз, балаларды суға жібермеңіз, олар қараусыз қалып қойған жағдайда, қайғылы жағдайға ұшырауы мүмкін.

Балалардың судағы қауіпсіздігінің негізгі ережесі: Белгі қойылған жерден асып жүзуге болмайды, ол болмаған жағдайда жағадан алыс жүзбеу керек; Кемеге жақын жүзуге болмайды; Таяз жерге немесе белгісіз тереңдікке секіруге болмайды; Қайық, айлақ, көпір үстінен және арналмаған жерлерден секіруге болмайды; Күнге қыздырынғаннан кейін немесе ұзақ жүгірістен соң суға секіруге болмайды, себебі естен айырылып қалу немесе жүректің тоқтап қалуы мүмкін. Алдымен сумен шайынып алу керек; Дауыл немесе толқын болған жағдайда шомылуға болмайды; Қарсыласыңды суда ұстап тұру ойынымен ойнауға болмайды, себебі жолдасың тұншығып және есін жоғалтуы мүмкін.

Суға батып бара жатырған адамды байқау қиын. Адам суға батқан кезде бар күшімен ауамен демалуға ұмтылады, аузы қатты ашылып басы артқа шалқайып кетеді. Ал балалар суға батқан кезде баланың басы керісінше алға қарай бағытталып, тұншыға бастайды. Шаштары маңдайы мен көзін жауып кетеді, бір топ суға түсіп жүрген балалар арасынан суға батып бара жатқан адамды ажырату қиын. Айқайлауға уақыт та, шамасы да болмайды. Суға батқан адам қолын сермеп көмекке де шақыра алмайды, үлкендер жүзуге тырысып қолдарын созып жан-жаққа сермейді, ал балалар қолдарын алға қарай созады. 20 секунд пен 60 секунд аралығында өмірмен арпалыс жүреді, одан әрі адам су астына кетеді.

Тек қана суға шомылу үшін бөлінген жағажайлар мен орындарды пайдаланыңыздар. Мәселен, Қоршау белгілерінен әрі бармау, тыйым салынған орындарда суға шомылмаңыздар, моторлы қайықтарға жақын жүзіп бару – бұл өміріңізге қауіпті. Ата-аналар және балалар мекемелерінің жетекшілері, балалардың қадағалаусыз шомылуына жол бермеу және ересектер мас күйде суға шомылуға кеңес береді мамандар. Бірақ мас адам кеңесті ескере қойса.

Тағы да есте сақтайытын жайт, суға тұншыққан адамның өмірін тыныс алуы тоқтағаннан кейін 6 минуттан кешіктірмей қайтаруға болады.

Суға тұншыққан адамды судан шығарғаннан кейін: адамның басын қисайта бұрып аузын құмнан, лайдан тазарту. Осы әрекеттерге 15 секундтан артық уақыт кетпеуі тиіс. Зардап шегушінің дем алуын және тамыр соғысын анықтаңыз. Бұлар байқалмаған жағдайда ауызбен дем алдыру қажет. Мойын астына киімді орап төсеп, басын барынша шалқайту керек. Мұрынын қысып тұрып, құтқарушы терең дем алып, зардап шегушінің аузына дем береді. Үрлеу жиілігі минутына 18-20 рет болуы керек. Жасанды тыныс берумен бір мезгілде жүрек сыртынан массаж жасауға болады. Төс сүйектің жоғарғы үштен бір бөлігіне алақандарын айқастыра қойып минутына 70 рет жиілікпен басады (5 рет басқанда 1 рет ауа үрлеу). Егер зардап шегушіде жүрек соғысы мен өздігінен тыныс алу пайда болса, оған ес кірді, яғни сіздің әрекетіңіз босқа кеткен жоқ. Жүрек соғысы мен өздігінен тыныс алу пайда болғаннан кейін бірден құтқарылған адамды қайтадан ішіне аударып жатқызу керек және суды шығаруға тырысу қажет.

Су айдындарында мынандай әрекеттерге рұқсат етілмейді:
1) «Шомылуға тыйым салынады» белгілері орнатылған жерлерде шомылуға;
2) жүзу шекарасын белгілейтін белгілерден тыс жүзуге;
3) катерлерге және басқа да жүзу құралдарына жүзіп жетуге;
4) қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, жартастардан, қоршаулардан және басқа да орындардан суға секіруге;
5) осы мақсаттарға бейімделмеген орындарда спортпен айналысуға, оның ішінде спорттық ойындар ойнауға;
6) жалған дабыл қосуға;
7) су айдындарын ластауға, кір жууға, отын жаруға, шомылуға бөлінген орындарда 500 метрге дейін көлік жууға және жөндеуге;
8) шағын көлемді (оның ішінде ескекті) су көліктеріне кіруге және жағажайлар мен акватория учаскелерінде (адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кемелерді қоспағанда) маневр жасауға тыйым салынады;
9) су айдындарында қауіпсіздік белгілерін өз бетімен алып тастауға, бүлдіруге немесе орнатуға жол берілмейді;
10) алкогольдік және есірткілік масаң күйде шомылуға;
11) тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге;
12) жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;
13) демалушыларға жарақат әкелуі мүмкін қоқысты жағалауда және шешінетін бөлмелерде қалдыруға;
14) су айдындарындағы қауіпсіздік белгілеріне шығуға;
15) балаларға ересектердің қарауынсыз суға түсуіне жол берілмейді.
Жаз айларында ыстық кезеңдерде күнге және ыстық құмға «пісу» салқын суға шомылу жанға сондай жайлы. «Су сенің досың және қасың» Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауынан орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқйғаларды болдырмау ушін, төмендегілерді орындаған жөн:

1). Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары

Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.

Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.

Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар.

Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршағанға және қалтырауға дейін жеткізбеңіз.

Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.

Қоршау белгілерінен, буилардан тыскары жүзбеңіз.

Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.

2). Көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда

шомылудың қауіптері

Өзендер мен көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіпі мол себебі инфекциялық аурулардың қоздырғыштары ағын суда: Іш-сүзегі 183 тәулік, дезентерия 12-92, оба 4-92, туляремия 7-31, бруцеллез 4-45 тәулікке дейін өмір сүреді.

3). Тырысу (судорога) болғанда сіздің іс-әрекетіңіз

Суық суда шомылу қол-аяқтың тырысып қалуына әкеліп соғады.

егер тырысу болғанда жүзуді тоқтатып суға арқаңызбен шалқалай жатыңыз, сабырлық сақтаңыз.

Қолыңыздың саусақтары тырысып қалғанда жұдырығыңызды түйіңіз, қолыңызды бір жаққа қарай серпе лақтырып, жұдырығыңызды ашыңыз.

Балтыр бұлшық еті тырысқанда бүгіліп қолыңызбен аяғыңыздың басын қысып бар күшіңізбен өзіңізге қарай тартыңыз, немесе аяғыңызды судың астына созып, аяғыңызды бармақтарын алға иіңіз. Содан соң балтырыңызды сылаңыз.

Тырысу қойысымен тынығып алып, жүзудің басқа әдісімен жағаға шығыңыз

4). Су иірімінен шығудың тәсілдері.

Егер иірімге тап болсаңыз, кеудені кере дем алып, иірімнің астына сүңгіңіз.

Судың астына иірімен алысырақ кетуге тырысыңыз.

Иірімен алыстаған соң судың бетіне қайта шығып жағаға қарай жүзіңіз.

5). Суда қатты шаршаған кездегі іс-әрекет.

Суда ұзақ шомылу шаршап – шалдығуға әкеліп соғады.

Егер суда шарашасаңыз немесе тоңсаңыз тез арада жағаға қайтыңыз. Сабыр сақтаңыз.

Әлсін – әлсін шалқалай жатып дем алыңыз, күшіңізді үнемдеңіз, өзіңізді және уақытты бақылау үшін, жаймен дауыстап санаңыз.

Егер өз күшіңізбен жағаға жете алмайтыныңызды сезінсеңіз шалқалай жатып қолыңызды бұлғап көмекке шақырыңыз.

6). Суық судың қауіптілігі.

Суық суға түсіп кеткен адам 10-30 минутта көбіне суық өтіп қайтыс болады (5-7С 2-ші дәрежелі гипотерамия). 5-15 минут қимылсыздық

суықтан талуға (шок) және өлімге әкеліп соғады. Суық судан шығарылып, аман қалғанның өзінде жиі-жиі есінен танады. Организімнің жалпы салқындауы қатты шаршағанда , ашыққанда , мас күйінде тезірек болады. Физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әйелдер суық суға төзімдірек болады, ерлер 4-5 минуттан сон-ақ жүректері тоқтап қалуы мүмкін. Суық суда клиникалық өлім 30-60 минутқа, жылы суда 5-6 минутқа созылады. Тұщы суға батқан адам 1-3 минутта, ал теңіз суында 7-8 минутта қайтыс болады. Сондықтан суық- суда әрібір секунд қымбат.           

Суда қауіпсіздік ережелері

ШОМЫЛҒАНДА СУДА НЕНІ ЖАСАМАУ КЕРЕК:

  • Қоршау белгісінен тысқары жүзбеңіз!
  • Тыйым салынған жерде шомылмаңыз!
  • Шомылып жүрген балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
  • Шомылғанда камераларды, доптарды, тақтайларды пайдаланбаңыз!
  • Суда шолжаңдауға жол бермеңіз!
  • Жалған дабыл бермеңіз!
  • өтіп бара жатқан катерлерге, кемелер мен қайықтарға қарай жүзбеңіз!
  • Суға көпірлерден, тоғандардан, айлақтардан, қайықтар мен катерлерден секірмеңіз!
  • Таныс емес жерден сүңгімеңіз!

ЕГЕР СЕН ҚАЙЫҚТА БОЛСАН

  • Иесіз және техникалық ақауы бар қайықтарды пайдаланбаңыз!
  • Жүзуге құтқарушы және су төгетін құралдарсыз шықпаңыз!
  • Қақығыш құралдарға техтөлқұжаттағы көрсетілгеннен артық жолаушылар мен жүктерді алмаңыз!
  • Мас күйіңізде қайықпен қыдырмаңыз!
  • Қайықтың бүйіріне және тұмсығына отырмаңыз!
  • Бір орыннан екінші орынға, сондай-ақ бір қайықтан басқа жүзетін нәрсеге ауысып отырмаңыз!
  • Қайықтан сүңгімеңіз!
  • Жүзетін құралдарды қараңғы түсісімен пайдаланбаңыз!

 Үлкендер бірге болмаса, 14 жасқа дейінгі балалардың жүзгіш құралдарды пайдалануына тыйым салынады!

ШОМЫЛУШЫЛАРҒА КЕҢЕС!

  • Суға абайлап түсіңіз.
  • Жүзу білмесеңіз, суға белден аса тереңдікке бармаңыз.
  • Тоқтаңыз және терең емес жерде басаңызбен шомылыңыз.
  • өзіңізді қалтыратуға дейін жеткізбеңіз.
  • Жалғыз шомылмауға тырысыңыз.

Күнге және ыстық құмға «пісу», салқын суға шомылу жаңға сондай жайлы.

Есте тұтыңыз!

Қызудың тез төмендеуі қан тамырларын бірден жиырып, талып қалуға әкеп соқтырады.

Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз!

Мас күйде шомылмаңыз!

АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУ

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!

Зардап шегушіні дем тоқтағаннан кейін

6 минөт кешікпегенде өмірге оралтуға болады                                                           Зардап шеккенді осылайша жағаға жеткізуге болады

Зардап шеккеннің басын қисайтып, ауызды құм мен балшықтан тазарту керек.               

Тыныс жолдарын және асқазанды судан босату қажет. Мұның бәріне 15 секундтен артық кетпеуі керек.

Тамыр соғысы білінбесе, «ауыздан ауызға» тәсілімен жасанды дем беруге кірісу керек.

Мұны әркім істей білуі тиіс

БҰЛ МАҢЫЗДЫ!

         Сіңір тартылғанда:

  • Қолдардың саусақтары: жұдырықты білезікке жылдам, қатты бүгіңіз, қолды жан-жаққа кенет лақтырғандай қимыл жасаңыз және жұдырық жұмыңыз.
  • Балтыр-аяқ бұлшықтары: бүгіңіз, сіңірі тартылған аяқтың табанын ұстаңыз және өзіңізге қатты тартыңыз.
  • Жамбас-сан бұлшықтары: аяқты сирақтың сырт жағынан (алқымның сыртынан) ұстаңыз және оны тізеге бүгіп, артқа, белге қарай тартыңыз.
  • Егер сіңірдің тартылуы кетпесе – әдісті қайталаңыз!

         Иірімге тап болсаңыз:

Ауаны көп жұтыңыз, суға батып кетіңіз де, ағысқа қарай қатты жұлқынып, жоғары қалқып шығыңыз. 

СУ – БІЗДІҢ ДОСЫМЫЗ!

Бірақ тек саналы және абай болғанда ғана.

Есіңізде сақтаңыз, өз қауіпсіздігіңіз өз қолыңызда!

Қатысты жаңалықтар

Былыққа батқан жүйе: Шымкент қалалық диагностикалық орталығындағы ахуал

azatmedia

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

azatmedia

ИІСТІ ГАЗБЕН УЛАНУ

azatmedia