Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТТА “ЖАСТАР ШЫҢЫ – 2025” АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ІС – ШАРА ӨТТІ

Қазығұрт ауданы әкімдігінің қолдауымен, аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің баурайында жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен ішкі туризмді насихаттауға бағытталған «Жастар шыңы – 2025» атты облыстық іс-шара өтті.

Шараның ашылу рәсімінде Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, “Бүгінгі шара – жастарды бір мақсатқа ұйыстырып, олардың достық қарым-қатынасын арттыратын, елжандылық пен ұйымшылдыққа тәрбиелейтін маңызды бастама” – деді.

Аталмыш шараның мақсаты – жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, ішкі туризмді дамыту, спортты дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау, облыс жастары арасында достық пен ынтымақтастықты арттыру және экологиялық мәдениетті қалыптастырып, туған өлкенің табиғатына деген сүйіспеншілікті арттыру.

Іс-шара бағдарламасына сәйкес қатысушылар бірнеше командаға бөлініп волейбол, арқан тарту, садақ ату секілді ұлттық әрі бұқаралық спорт түрлерінен сайысқа түсіп өзара мықтыны анықтады. Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтижеге қол жеткізген жеңімпаз командаларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Қатысты жаңалықтар

Шанақтағы электр жарығының жетіспеушілігі мәселесі шешілді

azatmedia

«Коронавируспен өмір сүруге тура келеді» – Жандарбек Бекшин

azatmedia

Кемелденген ел болудың кепілі – саналы ұрпақ тәрбиесі

azatmedia