Бүгін Түркістан облысы әкімнің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен облыстағы қоғамдық-саяси және этносаралық ахуал бойынша штаб отырысы өтті. Жиынға ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті бастығының бірінші орынбасары Талғат Мелдешов, құзырлы орган басшылары мен жауапты басқарманың өкілдері, «Қоғамдық келісім» КММ-і басшысы Эльмира Жанғазиева және мекеме филиалдарының басшылары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты.Басқосуда Облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев, облыс прокурорының прокурорының көмекшісі Дастан Байтеміров, ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Арман Қожабаев, Түркістан облыстық Полиция департаменті бастығының бірнші орынбасары Бағлан Айтпаев баяндама жасады. Қоғамдық-саяси және этносаралық ахуал бойынша атқарылған жұмыстарды таныстырып, алдағы жоспарларды пысықтады. Сонымен қатар түрлі сала бойынша туындап отырған өзекті мәселелер ортаға салынып, олардың шешу жолдары ұсынылды.Жиын барысында Бейсенбай Дәулетұлы Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын негізге алып, этносаралық бірлікті сақтау, тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, халықты игі істерге ұйыстыру қажет екенін жеткізді. Жиынды қорытындылай келе, алда тұрған бірқатар міндеттерді атап өтті. Сондай-ақ ел бірлігін нығайту жолында бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Жалпы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің және филиалдарының тарапынан өткен жылы 348 ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілсе, биыл жыл басынан бері 92 кездесу өткізілген. Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай да жалғасатын болады.Айта кетейік, өңірде 11 этно мәдени бірлестік жұмыс істейді. Түркістан облысында 50-ге тарта этностың 500 мыңнан астам өкілі (облыс халқының 24,7 пайызы) өмір сүруде. Этнос өкілдерінің 92%-ы қазақ тілін жетік меңгерген. Аудан, қалаларда 17 тіл орталығы жұмыс істеп тұр. Биыл 3946 адам қазақ тілін меңгеріп шықты. Мемлекеттік тілді терең білгісі келетін этностар саны артуда. Өңірдегі 1052 мектептің 202-сі аралас тілде білім беруде. Олардың барлығында қазақ сыныптары ашылған. Өткен жылы 4500 жас әскерге жіберілді. Оның 3,5 мыңы қазақ жастары болса, мыңға жуығы – этнос өкілдері.
Алдынғы жаңалық