Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫС

Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Мақтарал аудандық Ақсақалдар кеңесінің II тоқсандық отырысы өтті. Жиынға Ақсақалдар кеңесінің мүшелері мен Мырзакент кенті әкімінің көмекшісі Қарамурзаев Анарбек Абдукадырұлы, Мақтаарал ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы Сүлейменов Кеңесбай мен этномәдени бірлестіктердің төрағалары, полиция қызметкерлері, жастар ресурсттық орталығының мамандары қатысты.

Отырысты Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Е. Қазыбеков жүргізіп отырды, жиында екі мәселе талқыланды, бірінші Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік, Жасампаздық, Өрлеу» атты XXXIII сессиясында айтылған тапсырмаларын талқылау және кәмелет жасына толмаған мектеп оқушыларының демалыс уақытын тиімді пайдалану және олардың өзара болуы мүмкін әлімжеттіктің алдын алу мәселесі бойынша сөз болды.

Бірінші мәселе бойынша баянадама жүргізген Мырзакент кенті әкімінің көмекшісі Карамурзаев Анарбек баяндама жасап, Ақсақалдар кеңесінің мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. екінші мәселе бойынша Мақтаарал ауданы АПБ ЖПҚ КТІЖ аға инспекторы полиция майоры Гулиев Теймурөз сөзінде алдағы уақытта кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімше қызметкерлерімен кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын алу, жаз айында болуы мүмкін жағдайларға Жастар ресурстық орталығының мамандарымен бірлесе отырып жұмыс жасайтынын айтып өтті.

Аталған мәселелер бойынша қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, сұрақ-жауап жүргізілді. Сонымен қатар, алдағы уақытта айтылан ұсыныстар негізінде жұмыс жүргізілуі ұсынылды.  

Қатысты жаңалықтар

Д.САТЫБАЛДЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА ТАБЫС ТАБУДЫҢ ЖОЛДАРЫН ТҮСІНДІРДІ

azatmedia

ШЫМКЕНТ: МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ АРҚАСЫНДА МАЛ БАСЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ЖАН-ЖАҚТЫ САРАПТАЛДЫ

azatmedia