Қоғам

Өнеркәсіптік қауіпсіздік. Өрттің алдын алу шаралары

Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің басты мақсаты – зауыттың өндірістік нысандарында қауіпті оқиғаларды болдырмау мен апатты жағдайлардың алдын алуды көздейді.   Өнеркәсіптік қауіпсіздік- өндірістік бақылауды қамтамасыз ету жолымен атқарылады.

Өндірістік ғимараттар әуел баста өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты арнайы  нормаларға сәйкес тұрғызылады. Кейін кәсіпорындағы жауапты бөлімдер өрттің алдын алуға қажетті барлық шараларды жүзеге асырып, қызметкерлер мен жұмысшыларды үнемі оқу-жаттығудан өткізіп, өрттен қорғау ережелері талаптарының орындалуын бақылауға алады. Теориялық оқытуды алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану тәжірибесімен ұштастыру өте маңызды. Сонымен қатар өрт кезінде бос байбаламға бармай, өзін қалай ұстауы да адамның  өмірін сақтап қалуы мүмкін. Бұл да оқу жаттығудың басты тақырыптарының бірі.

Өндірістік қауіпсіздікті бақылау – өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйесінің бір бөлігі. Ол зауыттың қауіпті өндірістік нысандарының қызметін қауіпсіздендіру, олардағы апаттық жағдайлардың алдын алу, апатты жағдайлар бола қалған жағдайда,  келген зардабын жоюдың   кешенді шараларынөткізу арқылы  жүзеге асырылады.

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті сақтауды бақылау шараларының міндеті зауыттағы қауіпті өндірістік нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының қатаң сақталуын қадағалау, сонымен қатар өндірістік жұмыстың ахуалына ықпал ететін, қауіпсіздік талаптарының  бұзылу себептерін анықтау  болып табылады.

Өрт қауіпсіздігі жөніндегі Нұсқаулықтар кез-келген ұйымдағы өрт қауіпсіздігі бойынша негізгі жергілікті құжаттар болып табылады.

Өрт қауіпсіздігі жөніндегі барлық іс-шаралар басшының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы бұйрық шығаруынан басталады («Өрт қауіпсіздігі қағидалары» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы №1077 қаулысының 2-тармағының 2-4 тармақшасы), ол өрттің алдын алуды ұйымдастыру бөлігіндегі негізгі заңды құжат болып табылады. Осы бұйрық аумақты, ғимараттарды, құрылыстарды, үй – жайларды, жарылыс және өрт қауіпті өндірістік учаскелерді өртке қарсы қорғауды ұйымдастыру бөлігінде негізгі ережелерді, нұсқаулықтар мен ұсынымдарды қолданысқа енгізеді, сондай-ақ кәсіпорын бөлімшелерінде өрт қауіпсіздігіне жауапты адамдарды тағайындайды және олардың қызметін регламенттейді.

Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы №1077 қаулысымен өрт қауіпсіздігі қағидаларының 1-тармағының 1-1-тармақшасына сәйкес ғимараттардың, құрылыстардың, үй-жайлардың, технологиялық процестердің, технологиялық және өндірістік жабдықтардың өрт қауіптілігінің ерекшелігіне қарай әзірленеді.

Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтар адамдарды, жануарларды, мүлік пен материалдық құндылықтарды эвакуациялау жоспарларын қосымша ретінде қамтуға тиіс (ӨҚҚ 2-тармағының 2-6-тармақшасы).

Нұсқаулықта көрсетілетін сұрақтар нұсқаулықта көрсетілуге тиіс мәселелердің тізбесі Өрт қауіпсіздігі қағидаларында көрсетілген. Олардың әрқайсысын қалай орындалатыны түсінікті болатындай етіп сипаттаңыз. Бұл көбінесе Сіздің қызметіңіздің ерекшелігіне байланысты болады. Осылайша Сіз Нұсқаулықтың мазмұнына қойылатын заңнама талаптарын орындайсыз. Нұсқаулықты дайындау кезінде 2014 жылғы 9 қазандағы №1077 Өрт қауіпсіздігі қағидаларын негізге алуға болады.

Нұсқаулық бес тараудан тұрады:

1) өрт қауіпсіздігі бойынша жалпы талаптар;

2) жұмыс басталар алдындағы өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптар;

3) жұмысты орындау кезіндегі өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптар;

4) жұмыс аяқталғаннан кейін өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптар;

5) авариялық жағдайларда өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды қамтуға тиіс.

Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы Нұсқаулықта мынадай мәселелер көрсетілуі қажет («Ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың жалпы ережелері» 2014 жылғы 9 қазандағы №1077 Өрт қауіпсіздігі қағидалары).

– аумақты, ғимараттарды, құрылыстар мен үй-жайларды, оның ішінде эвакуациялық жолдарды ұстау тәртібі;

– жабдықты пайдалану және өрт қауіпті жұмыстарды жүргізу кезінде технологиялық процестердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;

– өрт-жарылыс қауіпті заттар және өрт қауіпті заттар мен материалдарды сақтау, тасымалдау тәртібі мен нормалары;

– жұмыс аяқталғаннан кейін үй-жайларды тексеру және жабу тәртібі;

– темекі шегуге, ашық отты пайдалануға, көліктен өтуге және отпен немесе өзге де өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге арналған орындардың орналасуы;

– жанғыш заттар мен материалдарды жинау, сақтау және жою, арнайы киімді ұстау және сақтау тәртібі;

– үй-жайлардағы шикізаттың, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің рұқсат етілген саны;

– жанғыш қалдықтар мен шаңды жинау, майланған арнайы киімді сақтау тәртібі мен кезеңділігі;

-бақылау-өлшеу аспаптарының шекті көрсеткіштері (манометрлер, термометрлер және т. б.), олардың ауытқуы өрт немесе жарылыс тудыруы мүмкін;

– қызметкерлердің өрт кезіндегі, оның ішінде өрт күзетін шақыру, технологиялық жабдықты авариялық тоқтату, желдеткішті және электр жабдығын ажырату (оның ішінде өрт болған жағдайда және жұмыс күні аяқталғаннан кейін), өрт сөндіру және өрт автоматикасы құралдарын пайдалану, жанғыш заттар мен материалдық құндылықтарды эвакуациялау, кәсіпорынның (бөлімшенің) барлық үй-жайларын қарау және өрт-жарылыс қауіпсіз жай-күйге келтіру кезіндегі міндеттері мен іс-әрекеттері.

«Өрт қауіпсіздігі қағидалары» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы №1077 қаулысының 2-тармағына сәйкес ұйымдардың қызметкерлері өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша нұсқаулықтан өткеннен кейін ғана жұмысқа жіберіледі, ал жұмыстың ерекшелігі өзгерген кезде ықтимал өрттердің алдын алу және оларды сөндіру бойынша қосымша оқытудан өтеді. Ұйымдардың қызметкерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту тәртібі және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптар «Ұйымдардың қызметкерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидаларын және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» № 276 бұйрықпен (16.09.2015 жылғы №777 бұйрыққа өзгерістер енгізу) бекітілген.

Жұмысшылардың, қызметшілердің өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық талаптарын сақтауын бақылау кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және коммерциялық құрылымдардың әкімшілігіне жүктеледі.

Өндірістік бақылауды жүзеге асыруда мынадай міндеттер шешіледі:
  • Қазақстан Республикасының құқықтық-нормативтік актілеріндегі және басқа да заңдармен бекітілген өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарының тұрақты орындалуын қамтамасыз ету;
  • өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайының бұзылуына әкелетін себептерді анықтау:
  • зауыттағы қауіпті өндірістік нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына сараптау жүргізу;
  • өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайының бұзылуы мен үшінші тұлғалардың жасаған залалын жою, қоршаған ортаны ластаудың алдын алу шараларын жасау; 
  • зауыттағы қауіпті өндірістік нысандардағы технологиялық тоқтап қалуды, апаттық жағдайдың алдын алу, хабарлау, жұмысын үйлестіру сонымен қатар болған апатты жағдайлардың залалын жоюға бағытталған  жұмыстарын үйлестіру;
  • қауіпті өндірістік нысандардағы қолданылатын энергетикалық және техникалық құрылғылардың сынағын өткізу, бақылау және өлшем құрылғыларының  жөнделуі мен уақытында тексерілуін қамтамасыз ету;
  • технологиялық тәртіпті сақтауды үнемі бақылауда  ұстау;
  • өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына тұрақты бақылау орнату және өндірістік қауіпті факторларды анықтау;
  • зауыт еңбеккерлерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесі бойынша дайындығын ұйымдастыру, тексеру, аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыру.

Өрттен қорғану шаралары өзіңіздің немесе маңайыңыздағылардың, тіпті кез келген бір адамның өмірін арашалауыңызға ықпал етуі мүмкін.  Сондықтан апаттық жағдайдың алдын алу шараларына бейжай қарамай, үйреніп, өрт орын алса сасқалақтамай қолдануларыңызды сұраймыз.

Бірінші, егер сіз ғимаратта тұрсаңыз түтін дабылын орнатыңыз: түтін дабылы өртті ерте анықтау үшін өте маңызды. Олар ғимараттың әр қабатында және жатын бөлмелерінің жанында орнатылуы керек. Дабылдың дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізу үшін оны үнемі тексеріп, күтіп ұстаңыз.

Екінші, өрт сөндіргіш құралы: өрт сөндіргіш құралды ғимараттағы оңай, қол жетімді жерлерге қойыңыз. Маңайыңыздағы адамдарға оларды қалай тиімді пайдалану керектігін үйретіңіз және үнемі тексерулер мен техникалық қызмет көрсетуді жүргізіңіз.

Үшінші, өрт сөндіру жүйелері: автоматты өрт сөндіру жүйелері өртті бақылауда немесе сөндіруде өте тиімді. Оларды ғимараттарда, әсіресе асүйлер, серверлік кеңістіктер және қоймалар сияқты қауіпті аймақтарда орнату керек.

Төртінші, апаттық шығу маршруттары: апаттық шығу маршруттарын жарқыраған белгілермен анық белгілеңіз және олардың кез келген уақытта кедергісіз және оңай қол жетімді екеніне көз жеткізіңіз. Тұрғындарды эвакуациялау рәсімдерімен таныстыру үшін тұрақты жаттығулар өткізіңіз.

Бесінші, отқа төзімді материалдар: өрттен оқшаулану және оның таралуының алдын алу үшін өртке қарсы есіктер, қабырғалар мен төбелер сияқты отқа төзімді құрылыс материалдарын пайдаланыңыз. Бұл әсіресе жанғыш материалдар сақталатын немесе жоғары қауіпті әрекеттер жүзеге асырылатын бөлмелерде өте маңызды рол ойнайды.

Алтыншы, электр қауіпсіздігі: ықтимал өрт қаупін анықтау және жою үшін электр жүйелерін, сымдарды және жабдықты үнемі тексеріп отырыңыз. Тізбектерді шамадан тыс жүктемеңіз және дұрыс жерге қосу мен оқшаулауды қамтамасыз етіңіз. Жетінші, өрт қауіпсіздігі бойынша тренинг: барлық тұрғындарға, соның ішінде қызметкерлерге, жергілікті тұрғындарға және студенттерге өрт қауіпсіздігі бойынша тренингтер өткізіңіз. Оларды өрттің алдын алуға, эвакуациялау процедураларына және өртке қарсы жабдықты дұрыс пайдалануға үйретіңіз. Бұл барлық адам үшін маңызды болып қалмастан өрт туындауының алдын алады.

Сегізінші, бақылау мүмкіндігі және қауіпсіздік шаралары: шектелген орындарға рұқсатсыз кірудің алдын алу үшін, әсіресе қауіпті аймақтарда елдің кіруін қадағалайтын бақылау жүйелерін енгізіңіз. Бұл өрт қаупін азайтуға көмектеседі және өрт қауіпсіздігі шараларының бұзылмауын қамтамасыз етеді.

Тоғызыншы, өрт қауіпсіздігі ережелері: жергілікті өрт қауіпсіздігі мен құрылыс ережелерін сақтаңыз. Соңғы стандарттарға сәйкес өрт қауіпсіздігі шараларын үнемі қарап, жаңартып отырыңыз.

Оныншы, тұрақты тексерулер және техникалық қызмет көрсету: дабыл, спринклерлер және апаттық жарықтандыруды қоса алғанда, өрттен қорғау жүйелеріне жоспарлы тексерулер, техникалық қызмет көрсету және тестілеу жүргізіңіз. Бұл кез-келген мәселелерді тез анықтауға және жоюға көмектеседі. Ескерту, өрттен қорғану шаралары әр ғимаратқа немесе қоршаған ортаға байланысты нақты талаптар мен құзырлы органдар мақұлдаған жерлерде болуы керек. Жан-жақты өрттен қорғауды қамтамасыз ету үшін өрт қауіпсіздігі мамандарымен және билік органдарымен кеңескен жөн.  

Қатысты жаңалықтар

ОТЫРАРДА ОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

azatmedia

Онлайн қайыршылар қаптады

azatmedia

ДАЛА ОРМАН ӨРТТЕРІНІҢ АЛДЫН АЛАЙЫҚ

azatmedia