Түркістан қаласының тұрғындарына сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алу туралы ақпараттарды ұсынамыз.
Қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістер жағдайында елде қабылданған бағдарламалық құжаттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне айрықша назар аударылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда барынша табысқа жеткен елдердің тәжірибесін талдау қоғамда сыбайлас жемқорлықты рухани этикалық деңгейде қабылдамау ахуалын қалыптастыру мейлінше тиімді тәсіл екенін көрсетті.
Қазақстан Республикасында тәуелсіздік алған мезеттен бастап бұл аса ауыр қылмыстарға қатысты қатаң мемлекеттік саясат қалыптасты. Еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші болып 1998 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» арнайы заңын қабылдады. Кейіннен бұл саладағы ұлттық заңнаманы жетілдіру барысында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, Транс ұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенцияларын және басқа да жалпы жұрт таныған халықаралық актілерді ратификациялап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкіләлемдік қоғамдастықтың тең мүшесіне айналды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкіл әлемдік кеңістіктегі Қазақстанның көрсеткіштері жыл сайын жоғарылап келеді. Бұл проблемамен жан-жақты айналысып жүрген беделді халықаралық ұйым – Транспаренси Интернешнл қорының деректеріне сүйенсек, сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша Қазақстан 2008 жылы 170-тен астам елдің ішінде 145 орында болса, 29 қаңтар 2019 жылғы мәліметіне сәйкес 124 орынға табан тіреген. Бұл индекс кәсіпкерлердің, сарапшылар мен зерттеу ұйымдарының мәліметтерін қорытындылай отырып, жыл сайын шығарылып отырады.
Әрине, сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен күресте қылмыстық-құқықтық шаралардың маңызы ерекше. Сөйтсе де, оларды болдырмауда, ал орыналған жағдайда, жасаған адамдарды жазалауда тәртіптік, әкімшілік және азаматтық жауаптылық шараларында кеңінен қолданған жөн.
Сыбайлас жемқорлық өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі болып табылады, сондықтан, мемлекеттік қызметкерлердің қатарын мемлекеттің мүддесін жоғары дәрежеде қорғай білетін кадрлармен толықтыруды, кездойсоқ адамдардың мемлекеттік қызметке кіріп кетпеуін қамтамасыз ететін қосымша жан-жақты шараларды күшейту қажеттілігі артып келеді.
Жемқорлықпен күрестің ең нәтижелі құралдарының бірі мәліметті беруді цифрландыру болып табылады. Сол жолға түсіп те келеміз. Казіргі таңда мемлекеттік қызметтің басым бөлігі электронды форматта көрсетілуде. Сол арқылы мемлекеттік қызметкердің қызмет алушымен тікелей қарым-қатынас орнатуына жол берілмейді. Бұл да жемқорлықпен күрестің бір жолы. Сыбайлас жемқорлыққа ең алдымен адами фактор әсер етеді. Яғни қызмет көрсетуші мен алушының арасында тікелей байланыс болмаған жағдайда жолдан тайғандар да болмайды. Осы мәселеге ел Президенті де ерекше назар аударып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР сайланған Президенті қызметіне ресми кірісу рәсімінде мән беруді қажет ететін маңызды бағыттарды алға тартқан еді. Сол кезде Президент атап өткен сегіз бағыттың екіншісі елдегі сыбайлас жемқорлықты жою жөнінде болды. «Жемқорлық-мемлекеттің дамуын тежейтін кесел». Бұл қоғамдағы өзара сенімге, жалпы мемлекетіміздің қауіпсіздігіне қатер төндіретін құбылыс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыс жүргіземіз, деді Қ.Тоқаев.
Мемлекет басшысы өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында «Естуші мемлекет» тұжырымдамасы, барлық азаматтардың үндеулеріне жедел әрі тиімді жауап беруге бағытталуы керек деп талап қойды. Сондай-ақ, Президент мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасындағы қарым қатынастың жүйелі түрде болуын тапсырды. Мемлекет басшысы былтыр өткен Ұлттық құрылтайдағы сөзінде де сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді күрес жүргізіліп жатқандығын айтқан болатын. – Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді күрес жүргізіп жатырмыз. Бұл – еліміз үшін өте өзекті, қажетті мәселе. Қазақстан жемқорлықпен күрестің негізгі көрсеткіштері бойынша айтарлықтай алға басты. Халықаралық рейтинг агенттіктері осылай деп бағалап отыр. Бірақ, тоқмейілсіп отыруға болмайды. Өкінішке қарай, жемқорлық – жұрттың санасына сіңіп, әбден әдетке айналып кеткен. Бұл – ащы болса да, шындық,– деді Қ.Тоқаев.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәнін «сыбайлас жемқорлық» ұғымының мазмұнын, осы этностық әлеуметтік құбылыстың тарихи түп-тамырын түсінбейінше, ұғыну мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлық ұғымы қазіргі ғылыми және қоғамдық-саяси әдебиетте кеңінен қолданылады. «Сыбайлас жемқорлық» сөзі (латынтілінен «corumper») көптеген мағынасы бар: бүлдіру, құлдырау, параға сатыпалу, азғыру, тура жолдантайдыру, притон, құбылмалылық, істібұзу, күйреуге әкелу, бұрмалау, алдау, қорлау, ар-намысын таптау, «rumpere» көп мағыналы (бұзу, қирату, заңнан аттап өту, шартты бұзу) етістігімен қатар қолданылатын «со» қосымшасы сыбайлас жемқорлық – бұл бірнеше субъектілердің қатысуымен іс-қимыл жасау екенін көрсетеді. Бұдан өзге, латынша «corruptio» «параға сатып алу», «іріп-шіру» дегенді білдіреді, «сыбайласу» етістігі «біреуді ақшамен немесе өзге де материалдық игіліктермен параға сатып алу» дегенді білдіреді. Рим құқығында «corrumpire» сөзі «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, алдау, бұрмалау, параға сатып алу», сондай-ақ «құлдырау, бұзылғандық, нашар жағдай, (пікір немесе көзқарастың) құбылмалылығы» деген мағынаны білдіреді. Сыбайлас жемқорлық ұғымының жалпыға танымал тұжырымдарымен қатар, латын термині «corruptio» екі түбірлі сөзден «cor» (жүрек, жан, рух, ақыл-ес) және «ruptum» (бүлдіру, бұзу) шығады деген пікір бар.
Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың мәні лауазымды тұлғаны параға сатып алуда немесе оларды байытуда емес, ол әлеуметтік жүйені, оның ішінде мемлекеттік билік жүйесінің бірлігін бұзуда (ыдырату, іріп-шіру), мемлекеттің, азаматтардың заңды мүдделерін қоғамдағы өзінің жағдайын жеке мақсатына пайдакүнемдік арқылы сатып кетуде.
Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесі, Еңбек кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы, Қазақстан Респбуликасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі негізгі нормативтік құқықтық актілері болып табылады.
Осы аталған саладағы қабылданған Заңнамалардың басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп қатерден республиканың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, осыған байланысты құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді тиісті жауапқа тарту мен қатар, демократиялық негіздерді, мемлекеттік басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімдерін нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға бағытталғаны жөнінде атап өту қажет.
Қазақстан Республиксының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңында сыбайлас жемқорлыққа келесідей ұғым берілген: Мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өзөкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзіне месе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылық таралуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.