Қоғам

Жатақханалар, қонақ үйлер, хостелдер мен кемпингтердегі өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері

Түркістан қаласы тұрғындарының назарына жатақханалар, қонақ үйлер, хостелдер мен кемпингтердегі өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін сақтау туралы ақпараттарды ұсынамыз.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік талаптарға сәйкес жертөле қабаттарында қонақүйлер, жатақханалар, жалпы үлгідегі санаторийлер мен демалыс үйлерінің жатын корпустары, кемпингтер, мотельдер мен пансионаттарға арналған үй-жайларды орналастыруға тыйым салынады.

Объектілерді жатақханаларға, қонақ үйлерге, хостелдерге және кемпингтерге қайта жабдықтау өрт қауіпсіздігі желісі бойынша қосымша талаптарды орындауды талап етеді.

Объектілерді пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары өрт қауіпсіздігі қағидаларында белгіленген. Олардың негізгілері ұйымдастырушылық іс-шараларға, эвакуациялық жолдар мен шығулардың болуына, электр желілерін, электр қондырғылары мен электр техникалық бұйымдарды пайдалануға, өрт автоматикасы, жылыту және желдету жүйелерін ұстауға қойылатын талаптар болып табылады.

Мысалы, жатақханаларды, қонақ үйлерді, хостелдер мен кемпингтерді пайдалану кезінде мыналарға рұқсат етілмейді:

– жатақханалардың тұрғын қабаттарында қойма және кеңсе үй-жайларын орналастыру;

– бір эвакуациялық шығу жолы бар үй-жайларда бір мезгілде 50 және одан да көп адамнң болуына;

– ашық отты қолдануға және үй ішінде темекі шегуге;

– баспалдақ торларында, алаңдар мен дәліздерде қосалқы үй-жайларды орнатуға, сондай-ақ баспалдақ маршының астында және баспалдақ алаңдарында заттарды, жиһаздарды, жанғыш материалдарды сақтауға;

– өрт қауіпсіздігін және өрт сөндіруді қамтамасыз ету құралдарына, сондай-ақ құтқару құрылғыларын бекіту орындарына өтетін жолдарды бітеу және жабуға;

– ғимараттың барлық қабаттарындағы терезелерге торлар орнатуға;

– адамдарды қауіпсіз эвакуациялау жағдайларының нашарлауына, өрт сөндіргіштерге, өрт крандарына, өрт қауіпсіздігі құралдарына қол жетімділікті шектеуге немесе өрттен қорғаудың автоматты жүйелерінің әрекет ету аймағының азаюына әкелетін көлемдік-жоспарлау шешімдерін өзгертуге;

– эвакуациялық жолдар мен шығулардың жобалық өлшемдерін тарылтатын, сондай-ақ эвакуациялық шығулардың есіктерін бітеп тастайтын кедергілерді орнатуға;

– өзге эвакуациялау жолдары болмаған кезде не көрсетілген құрылғыларды ашық күйде қолмен ашуға және бұғаттауға мүмкіндік беретін техникалық шешімдер болмаған кезде табалдырықтарды, жылжымалы және көтеру-түсіру есіктері мен қақпаларын, айналмалы есіктер мен турникеттерді, сондай-ақ адамдарды еркін эвакуациялауға кедергі келтіретін құрылғыларды эвакуациялау жолдарында орнатуға;

– жертөле қабаттарында, шатырларда, техникалық қабаттар мен үй-жайларда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, жарылғыш заттарды, пиротехникалық бұйымдарды, жанғыш газдары бар баллондарды, аэрозольді қаптамадағы тауарларды, целлулоидты және жарылыс-өрт қауіпті, жанғыш заттар мен материалдарды желдеткіш камераларда сақтауға және қоюға;

– конструкцияда көзделген термореттегіштер болмаған немесе ақаулы болған кезде электр қыздыру аспаптарын қолдануға;

– дайындаушы зауыттың нұсқаулығында баяндалған қауіпсіздік талаптарын бұза отырып, электр желілері мен электр энергиясын қабылдағыштарды, өртке әкеп соғуы мүмкін ақаулары бар электр қабылдағыштарды, сондай-ақ оқшаулағышы зақымдалған немесе қорғаныш қасиетін жоғалтқан электр сымдары мен кабельдерін пайдалануға;

– дайындаушы кәсіпорынның нұсқаулығында көзделген болса электр үтіктерін, электр плиткаларын, электр шәйнектерін және электр жылыту аспаптарын өрттің туындау қаупін болдырмайтын арнайы тұғырларсыз пайдалануға;

– стандартты емес (қолдан жасалған) электр жылыту аспаптарын қолдану, калибрленбеген балқыту кірістірулерін, шамадан тыс жүктемелерден және қысқа тұйықталудан қорғайтын қолдан жасалған аппараттарды пайдалануға.

Өрт қауіпсіздігі саласындағы қауіп-қатер дәрежесін бағалаудың объективті критерийлеріне сәйкес жатақханалар үш тәуекел дәрежесіне, яғни жоғары, орташа және төмен болып бөлінеді.

Тәуекелдің жоғары дәрежесіне құрылыстардың жалпы ауданы 2000 және одан да көп шаршы метр, орташа – 1999–дан 1000 шаршы метрге дейін, төмен – 999 және одан аз шаршы метр болатын жатақханалар жатады.

Азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды және жатақханалар, хостелдер, қонақ үйлер мен кэмпингтердегі өрт қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтардың барлық фактілері туралы «101» және «112» диспетчерлік қызметінің пультіне хабарлауды немесе e-Otinish порталында жазбаша өтініш беруді сұраймыз.

Қатысты жаңалықтар

Сіз жұбайыңызды қаншалықты қызғанасыз?: Ендеше анықтап көріңіз

azatmedia

В Шымкенте отметили День государственных символов

azatmedia

Ордабасыда аймақтық тәжірибелік тренинг өтті

azatmedia