Қоғам Спорт

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МАХАББАТ ЭСТАФЕТАСЫ» АТТЫ ЖАС ОТБАСЫЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Бұқаралық дене шынықтыруды өркендету ісі жаңа чемпиондар шыңына шығатын пирамидаға айналуы тиіс. Бұл салауатты әрі белсенді жастардың, түптеп келгенде, қуатты ұлттың негізін қалыптастарды, депатап өткен болатын.

Осы орайда, бүгін, 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне және Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай «Махаббат эстафетасы» атты жас отбасылар байқауы өтті, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.

Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен сайысқа өңірдегі 17 аудан, қаласынан іріктелген үздік жас отбасылар қатысты. Онда жас отбасылар «Серіктес», «Кім жүйрік?», «Баскетбол», «Боулинг» деп аталатын төрт кезеңнен тұратын бәсекеде бақ сынады.

Игі шараның ашылуында сөз алған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев бұл байқаудың отбасылық құндылықтарды нығайтудағы маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Мемлекет тұрақты дамуы үшін әр отбасында татулық, бірлік, береке болуы керек. Бұл ретте демографиялық өсімі жоғары Түркістан облысы үшін отбасы құндылықтарын дәріптеудің маңызы зор. Өйткені, алтын құрсақты, көпбалалы аналардың басым бөлігі біздің облыста тұрады. Өңіріміз жастар саны бойынша да алдыңғы қатарда. Қазіргі таңда облыста 4000-нан астам отбасы бар және жыл сайын мыңдаған жас шаңырақ көтереді. Бүгін, міне, отбасындағы сыйластық, еңбекқорлық, адамгершілік қасиеттерімен дараланған отбасылар сынға түсіп, өздерінің ұйымшылдығын көрсетіп жатыр», – деді Бейсен Дәулетұлы.

Сайыс нәтижесінде жанұядағы жарасымдылығымен ерекшеленіп, ұрпақтар сабақтастығының қайталанбас үлгісін көрсеткен үздік отбасылар жүлделі орындармен марапатталды. Бұл орайда, I орынға жетісайлық Өтепбергеновтер отбасы лайық деп танылды. Ал, II орынға сарыағаштық Ундирбековтар отбасы мен түлкібастық Орынбасаровтар отбасы ие болды. Сондай-ақ, III орынды Түркістан қаласынан Оразбековтар отбасы мен Отырар ауданынан Толешовтар отбасы иеленді. Бұдан бөлек, Төлеби ауданынан келген Ескуловтар отбасы «Көрермен көзайымы» номинациясымен марапатталды.

Қатысты жаңалықтар

Шөпті жинау науқанында өрттерге жол бермеу 

azatmedia

САУРАН: ЖҮЙНЕКТЕ «ЫНТЫМАҚ, БІРЛІК, КЕЛІСІМ – ЕҢ АСЫЛ БАҚЫТ ЕЛ ҮШІН» АТТЫ ШАРА ӨТТІ

azatmedia

Жаппай төбелестің бел ортасында жүрген әженің видеосы желіде қызу талқыланып жатыр

azatmedia