Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Президент Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Үкіметке коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуды тапсырды, «Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің  қызметін өзгертуге  айрықша назар аудару қажет. Тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу керек», деген болатын.

Осы орайда, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына орай облыстағы маңызы бар жолдар жөндеуден өтуде, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.

Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан Бәйдібек ауданындағы жалпы ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар КХ-122 «Таңатар елді мекеніне кіреберіс» автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстары іске асырылуда.

Сметалық құжаттамаға сәйкес, 3,4 шақырым жолдың ескі асфальт қабаты толығымен жаңартылатын болады. Сондай-ақ елді мекен ішіне аяқжол, заманауи үлгідегі диодты жарықтандыру шамдары қарастырылған. Нысан ағымдағы жылы пайдалануға беріледі. Айта кетейік, облыс әкімінің аудан тұрғындарымен кездесулерінде жол бойынша көтерілген мәселелері назарға алынып, жұмыстар жүргізілуде. Биыл Бәйдібек ауданының автомобиль жолдары саласын дамытуға қажетті қаржы бөлініп, 56,6 шақырымды құрайтын 37 нысанға жөндеу жұмыстары басталды. Оның ішінде: облыстық маңызы бар 3,4 шақырымды құрайтын 1 нысан орташа жөндеуден өтсе, 9,5 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар 2 жол және елді мекендерде 43,7 шақырым көше орташа жөндеумен қамтылуда.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА ЖҮГЕРІ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

azatmedia

СОЗАҚ АУДАНЫН ДАМЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІ ӨҢІР БАСШЫСЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОМЕДИАЦИЯНЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

azatmedia