Жаңалықтар

ГОНКОНГТЫҚ ҰСТАЗДАР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӘРІПТЕСТЕРІМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды», деп атап өткен болатын.

Осы орайда, Гонконг аймағының ұстаздары Түркістан облысына арнайы келіп, оқушылардың тәрбиемен бірге білім алу тәжірибесімен танысты. Түлкібас ауданының үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернатында оқыту әдістері мен тәжірибе алмасу мақсатында семинар өтті, , деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.

Семинарда Гонконг қаласынан келген педагог-ұстаздар – Цэ Вай Ин, Кван Чун Тунг және Цанг Яу Юнг өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен бірге олар Түркістан облысы ұстаздарының осы бағыттағы жетістіктері туралы мағлұмат пен тәжірибе ала білді. Аталған мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Г.Дузеева, математика пәнінің мұғалімі С.Жалтаева, физика пәнінің мұғалімі М.Мірабзалов мектеп оқушыларымен семинар сабақтар өткізді.

Семинарға ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары М.Мелдебекова, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары А.Садықова, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы, білім беруді дамыту орталығының директоры Б.Төлімбет, Білім беруді дамыту орталығының ағылшын тілі бойынша әдіскері С.Апетова және аудан мектептерінен ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері келіп қатысты. Өтілген сабақтарға байланысты талқылау жүргізілді. Шетелдік ұстаздар мен түркістандық ұстаздар өзара пікір алмасты.

Шетелдік ұстаздар бұдан кейін М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясының базасында «JC INNIPOWER FELLOWSHIP FOR TEACHERS» бағдарламасы аясындағы халықаралық оқу-әдістемелік семинарына қатысты. Семинардың мақсаты – мектеп оқушылары мен білім беру ұйымдарының педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсету, үш тілде білім беру бойынша тәжірибе алмасу. Семинарда ауданның үздік ұстаздары мен Гонконг оқытушыларының тілдерді оқытуда қолданатын инновациялық технологиялары мен әдістері қатысушылар назарына ұсынылып, тиімділігі көрсетілді. Ұстаздар қауымы өзара әріптестік орнатып, білім саласын дамыту бағытындағы әдістері мен ұсыныстарын талқылады.

Қатысты жаңалықтар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫМДАР МЕН ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ЖЕТЕКШІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

azatmedia

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАНДЫҚ АҚСАҚАЛДАР МЕН АРДАҚТЫ ӘЖЕЛЕРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА ЖҮГЕРІ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

azatmedia