Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Қабланбек ауылдық округі әкімі әлеуметтік экономикалық даму бойынша 2021 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстар есебін баяндады. Онда Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар жайы сөз болды.
Партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша Кабланбек ауылдық округі Жонарық елді мекенінде стадион құрылысына сметалық құжаттама жасалып, мемлекеттік сатып алу конкурсында «Сулейман 2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңімпаз болып анықталып, құрылыс жұмыстарын бастаған.
«Біз біргеміз» акциясы аясында сәуір айында аз қамтамасыз етілген мұқтаж 100 отбасыға азық түлікпен көмек көрсетілген. Халықаралық қарттар күніне орай «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында 10 ардагерге сый-сыяпат табысталған. 19 қазан күні 12 еңбек ардагері жаңарған Түркістан қаласымен танысып қайтқан.
«Кедергісіз келешек» акциясы аясында мүгедегі бар 5 отбасыға демеушілер есебінен қолдау көрсетілген. Бұдан бөлек, демеушілер тарапынан да әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетілген.