Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Қабланбек ауылдық округі әкімі әлеуметтік экономикалық даму бойынша 2021 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстар есебінде әлеуметтік салада атқарылып жатқан жұмыстар жайына тоқталды.
Жұмыссыздықпен күрес, әлеуметтік жағдайы мұқтаж отбасыларына көмек көрсету, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендер, жалғыз басты қарттар және мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар мен жетім балаларға қамқорлық жасау ауыл әкімдігінің бақылауында. Ауылдық округі бойынша І тоқсанда атаулы әлеуметтік көмекке автоматты түрде 174 отбасы өткен. 54 отбасы өтініш білдірген. Оның ішінде 9 отбасы табыстарының асуына байланысты атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жәрдемдесуші комиссия тарапынан кері қайтарылды.
ІІ тоқсанда атаулы әлеуметтік көмекке автоматты түрде 111 отбасы өткен. 99 отбасы өтініш білдіріп, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жәрдемдесуші комиссия тарапынан оң шешімін тапты.
ІІІ тоқсанда атаулы әлеуметтік көмекке автоматты түрде тағайындау тоқтатылған. 152 отбасы өтініш білдірген. Оның ішінде 25 отбасы табыстарының асуына байланысты, 17 отбасы кедейшілік деңгейінен шығуына байланысты, 43 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жәрдемдесуші комиссия тарапынан теріс шешім қабылдауына байланысты құжаттары кері қайтарылды.