Соңғы жаңалықтар

Сарыағаш: Қабланбек ауылдық округінде пайдаланылмай жатқан жерлер бойынша шара көрілді

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Қабланбек ауылдық округінде пайдаланылмай жатқан 7 га жер анықталған. Бұл туралы ауылдық округ әкімі әлеуметтік экономикалық даму бойынша 2021 жылдың 10 айында  атқарылған жұмыстар есебінде баяндады.

Ауылдық округте ауылшаруашылық пайдалануындағы жер – 5349га, суармалы жер – 2414га, тәлімі жер – 371га, жайылым жер – 2967га, бау жүзім -965га.

         Қабланбек ауылдық округі аумағында орналасқан ауылшаруашылық мақсатындағы жер учаскесін мақсатсыз пайдаланып отырған азаматша Нуракова Айкерим («Мақтарал» кафесі) мен азамат Кенжебаев Женисбекке («Құтты мекен» дәмханасы) ескерту хат беріліп,  аудандық жер қатынастар бөліміне тиісті хат жолданды.

Пайдаланылмай жатқан 7 га жер учаскесі анықталған. Оның ішінде 4 га – суармалы, 3 га жайылым жер. Қабланбек ауылдық округі бойынша 6 заңсыз құрылыс нысаны анықталып, бұл бойынша ақпан айында аудандық сәулет және қала құрылысы бөліміне тапсырылды. Пайдаланылмай жатқан кәсіпкерлік мақсаттағы 3 азаматқа тиесілі 0,46 га жер учаскесі анықталып, бұл бойынша актілер түзіліп аудандық жер қатынастар бөліміне хатпен жолданды.

Қатысты жаңалықтар

Теңдессіз қара күштің иесі Қажымұқан атамыздың медальдары (ФОТО)

azatmedia

БЕС АСЫҚТАН АУДАН БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

azatmedia

«Сұйық май ішкізіп, құйрық жегізді» – Павлодар тұрғынының өгей қызын аусыз ұрғаны белгілі болды

azatmedia