Соңғы жаңалықтар

«ҚАШЫҚТЫҚТЫ САҚТА!» акциясы өткізілді

Ордабасы аудандық «Жастар ресурстық орталығының» бастамасымен «Қашықтықты сақта!» акциясы ұйымдастырылды. Аудан тұрғындарына халыққа көп шоғырланатын орындарда және дүкендерде тақырыптық жадынамалық үн парақшалар орналастырды. Аудан тұрғындарына арақашықтықты сақтап жүру COVID-19 індетін жұқтырмаудың бірден бір тиімді әдісі екендігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жалпы, медицина мамандарының айтуынша карантин талаптарын қатаң сақтап, бірқатар ережелерді ұстану арқылы адам вирустық инфекцияның жұғуынан сақтана алады. Атап айтқанда қолды жиі сабындап жуу, медициналық маска тағып, оны екі сағат сайын ауыстырып отыру, адам көп жиналған жерлерге бармау, жуылмаған жеміс-жидектерді, шикі сүт өнімдерін, шала піскен ет тағамдарын жемеу.

Мамандар аудан тұрғындарына сақтық шараларына салғырт қарамай, адамдар көп шоғырланатын орындардан аулақ болуын, қоғамдық көліктерде, дүкендер мен қоғамдық тағамдану орындарында бетперде киіп жүруге шақырады. Вирусты инфекцияға шалдыққан адамдардың санының одан әрі артуы немесе артпауы сіз бен бізге байланысты. Қарапайым карантин талаптарын сақтай отырып, өз өміріңді және жақыныңның өмірін сақтай аласың.

Қатысты жаңалықтар

ЖАЛДАМАЛЫ ПӘТЕРДІҢ ТӨЛЕМАҚЫСЫН МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША АРҚЫЛЫ ТӨЛЕУШІЛЕР ҚАТАРЫ АРТУДА

azatmedia

Месси «Барселонадан» кетеді

azatmedia

ПОЛУЧИТЬ ГАРАНТИРОВАННЫЕ СОЦПАКЕТЫ СТАЛО ПРОЩЕ

azatmedia