Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: МОБИЛЬДІ ТОП 294 ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖАЙТТЫ АНЫҚТАҒАН

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Полиция департаментінің бастығы, полиция-генерал майоры Ералы Жұмаханбетовтің қатысуымен брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде қаладағы карантин талаптарының сақталуы және құқық бұзушылық фактілерінің алдын алу бойынша сөз қозғалды.

– Шымкент қаласында карантиндік талаптардың сақталуына арнайы мониторинг жасап жатқан мобильді топ заң бұзушылық 294 жайтты анықтады. Атап айтсақ, ресторан, кафе, клуб, компьютерлік ойынханалар мен букмекерлік кеңселер бойынша – 78, шаштараз, массаж, монша, сауна, әсемдік салондар бойынша – 19, сауда үйлері, базар, дүкендер бойынша – 123 және басқа да қоғамдық жерлерде (саябақ, аллея) 74-ті құрап отыр.

Бұдан бөлек 139 құқық бұзушылық қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде, онымен қоса 45 жеке тұлға көпшілік орында бетпердесіз жүргені анықталды. Бұл заң бұзушылық жөніндегі іс-құжаттар Шымкент қаласы аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды, – деді Е.Жұмаханбетов.

Ералы Мұсаәліұлының айтуынша, қалада карантин талаптарын сақтамаған тұлғаларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425-бабы (халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) 1-бөлімімен 238 хаттама толтырылып, бүгінге дейін 13 миллион 85 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.

Брифинг соңында Полиция департаментінің басшысы Шымкент қаласының тұрғындарына санитарлық нормаларды сақтап, індетке қарсы бірге күресуге шақырды.

Қатысты жаңалықтар

КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

azatmedia

15 ЖЫЛЫН ТЕАТРҒА АРНАҒАН БУТАФОРШЫ!

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ШЫНЫҒУ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру