Соңғы жаңалықтар

МАҚСАТ – ӨЗАРА ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘСІЛДЕРДІ АЛМАСУ

Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің жоспарына сай әдіскер А.Сағынбек С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебінде «Тарих сабағында қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру» тақырыбында білім ұйымдарындағы жас мұғалімдерге арналған аудандық әдістемелік семинар ұйымдастырып өткізді. Семинар мұғалімдердің өзара әдістемелік тәсілдерді алмасу мақсатында ұйымдастырылды. Мектеп басшысы Н.Табылды өз ұйымында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша мектеп ішілік әдістемелік оқыту семинарлар, шебер сыныптар, апталықтар, онкүндіктер жоспарланып өткізілгендігі туралы айтып өтті. Мұғалімдер сабақ жоспарлау, сабақ өту барысында қалыптастырушы бағалаудың жүзеге асатынын, қалыптастырушы бағалау білім мен дағдыны меңгеру деңгейін анықтайтын, оқушы мен мұғалімнің өзара тығыз байланысын қалыптастыратын, оқушыларға жаңа материалды меңгеруде тапсырмаларды дұрыс орындағанын білуге, оқытудағы мақсаттарды орындауға мүмкіндік беретінін білеміз. Осы мақсатта тарих пәні мұғалімдері Р.Кадырбекова, А.Қойжігіт, Ә.Ерімбетова, Б.Сиздикова жас мұғалімдеріне 5-11 сынып аралығында өз шеберліктерін танытып үлгілі ашық сабақтар өтті. Оқу ісінің меңгерушісі А.Қожасейтова шектеу шаралары жағдайында оқыту кезіндегі қалыптастырушы бағалау туралы кеңінен тоқталып өтті. Семинар соңында мұғалімдер қалыптастырушы бағалаудың оқушылардың білімін көтеру мақсатында тиімді екенін атап өтті және әдістемелік семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылды деген пікірлерін ортаға салды.

Қатысты жаңалықтар

ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ – ЖҰМЫС ТАБУҒА МҮМКІНДІК

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ АЛИМЕНТТІК БОРЫШКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

azatmedia

«ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТАРИХЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

azatmedia