Соңғы жаңалықтар

ТҮНГІ РЕЙД: ТӘРТІПТІ САҚТАУ МАҢЫЗДЫ

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі мен жергілікті полиция қызметі инспекторлары, Ордабасы аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен аудандық білім бөлімінің біргелікте бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес жыл басынан бері жүргізіліп келе жатқан «ЖАСӨСПІРІМ» профилактикалық шарасы жалғасын табуда. Рейд Шұбарсу ауыл округінде болып өтті. Кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу, түнгі уақыттарда ата-анасынсыз үй-жайынан тыс жерлерде – компьютерлік ойынханалар мен мейрамханаларда болуларына тыйым салу, бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын ата-аналарды анықтап, тиісті шаралар көру мақсатындағы кезекті рейдтік шарасы барысында жеке кәсіпкерлерге түнгі 22:00-ден кейін кәмелетке толмаған жасөспірімдерді заңды өкілдерінсіз кіргізбеу керектігін ескертіп, оларға мүлдем темекі бұйымдары мен спиртті ішімдіктерді сатуға болмайтындығы жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Бекітілген жоспарға сәйкес аудан орталығында жүргізілген түнгі рейдтік шара барысында үй-жайынан тыс жерде заңды өкілдерінсіз жүрген жасөспірімдер аудандық ішкі істер бөліміне жеткізіліп, хаттамалар толтырылды. Ата-аналарынан түсініктемелер алынып, тәртіптік шаралар көрілді.Айта кетейік, карантиндік режимін сақтамағаны үшін ҚР ӘҚтК-нің 425 бабы қарастырылса, кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілде ойын-сауық мекемелерінде болуы 442 баптың 1 бөлігінде қаралып ата-анасына 3 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ал, ойынхана иесіне кәмелетке толмағандарды кіргізгені үшін 132 бап 1 бөлігімен 10 АЕК-тен 120 АЕК-ге дейін айыппұл қарастырылған.

Қатысты жаңалықтар

Дін және рухани салт-дәстүрлеріміз бен жалпы адамзаттық құндылықтарымыз

azatmedia

Республикалық «ТОЛҚЫСЫН ШАРТАРАП» байқауының жеңімпаздары марапатталды.

azatmedia

ШЫМКЕНТ: Ш. ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ

azatmedia