Соңғы жаңалықтар

ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕР ТАБЫЛДЫ

Ордабасы өңірі қашаннан да киелі де қасиетті мекен болғандығы баршаға аян. Осы өңірде көптеп кездесетін көне қалашықтар мен қорымдар соған дәлел болғандай. Кезінде сол аталған қалашықтар мен қорымдарда Республикамыздың көрнекті ғалымдары: К.А.Акишев, К.М.Байпақов, Н.П.Подушкин, Е.Ә.Смағұлов, Б.Ә.Байтанаев және т.б археолог ғалымдарымыз қазба жұмыстарын жүргізіп, көптеген ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерін жариялаған болатын. Қойнауында талай тарихи оқиғаларды бүгіп жатқан қасиетті мекеннің тасын түртсең тарихы сайрай кетеді Жақында «Ордабасы» қорық музей қызметкерлері музей қорын толықтыру мақсатында жоғарыда айтып өткен көне қалашықтар мен қорымдар маңайындағы ауылдарға этнографиялық экспедиция ұйымдастырды. Осы экспедиция кезінде Ордабасы ауданы Ақбұлақ елді мекенінен шамамен 10-12ғ жататын жақсы жағдайда сақталған 1 керамикалық құмыра ыдыс және Ордабасы ауданы Аққойлы аулынан 19-20ғ жататын мыстан жасалынған 1 құман табылды. Табылған заттар музейдің қор сақтау бөліміне табысталып,қайта қалпына келтіру және құжаттау жұмыстары жасалынуында. Алдағы уаққытта да аталған экспедиция өз жұмысын жалғастырып өңір тарихына жалпы қазақ тарихына қатысты құнды жәдігерлер мен мәліметтер тауып музей қорын толықтырып отырады деген сенімдеміз.

Қатысты жаңалықтар

Митинг. 1 адам қайтыс болды

azatmedia

ЖАЛДАМАЛЫ ПӘТЕРДІҢ ТӨЛЕМАҚЫСЫН МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША АРҚЫЛЫ ТӨЛЕУШІЛЕР ҚАТАРЫ АРТУДА

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ ҚОЛӨНЕР БҰЙЫМДАРЫ КӨРМЕСІ ӨТТІ

azatmedia