Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында 10 автобус өртеніп кетті

Пожар

Рудный қаласында автобус паркі өртенді, – деп хабарлайды Azatmedia.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 24 тамызда таңғы сағат 04:19-да болған.

«Рудныйдағы №2 өрт сөндіру бөліміне «Рудный Автотранс» ЖШС аумағында өрт шығып жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына шұғыл жеткен мамандар жолаушылар автобусы өртенгенін анықтаған. Олар басқа автобустарды қауіпсіз жерге көшіруді ұйғарды», – делінген хабарламада.

Осылайша, 12 автобус қауіпсізге жерге қойылған.

Мамандар өртті толығымен таңғы сағат 05:10-да сөндірген. 10 автобус өртеніп, 2 автобусқа зақым келген.

«Өртті сөндіруге Рудный қаласының №2 өрт сөндіру бөлімінің 2 техникасы мен мемлекеттік емес мекеменің 2 техникасы, 18 маман жұмылдырылды. Өрттің себебі анықталып жатыр», – делінген хабарламада.

Қатысты жаңалықтар

ИЗРАИЛЬДІҢ ҰЛТТЫҚ СУ КОМПАНИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА НИЕТТІ

azatmedia

Ауыз су және Табиғи отын

azatmedia

Діни экстремизм және оның алдын алу жолдары

azatmedia

Пікір қалдыру