Соңғы жаңалықтар

Әлемде азық-түлік дағдарысы болуы мүмкін

Коронавирус пандемиясы салдарынан азық-түлікті жеткізуде қиындықтар туындады. Бұл азық-түлік дағдарысына себеп болуы мүмкін, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы CBNC сайтына сілтеме жасап.

Дүние жүзінде азық-түлік жетіспеушілігі байқалмайды, бірақ тамақтың бағасы өсіп жатыр. БҰҰ деректеріне сәйкес, 2020 жылғы тамызда азық-түлік бағасы айтарлықтай өсіп, ақпан айынан бергі жоғары көрсеткішке жеткен.

Қытайдың статистика бюросы ҚХР-да тамызда тамақтың бағасы (өткен жылдың тамыз айымен салыстырғанда) 11 пайыздан аса қымбаттағанын хабарлады.

«Көптеген елдің азық-түлік қауіпсіздігіне коронавирус пандемиясы кезіндегі жеткізудің жүйелі түрде орындалмағаны соққы болды. Фермерлер мен шағын бизнес тез бұзылатын тауарларын жеткізе алмаған соң шығынға батты. Сондай-ақ тыңайтқыш пен тұқым жеткізуде қиындық болды, егінді дер кезінде жинайтын маусымдық жұмыс күшінің келуіне шектеу қойылғаны да кедергі болды», – деп жазады басылым.

Еске салайық, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин ел тұрғындарын тамақты үнемдеуге шақырған болатын. Қытай төрағасының айтуынша, жыл сайын елде бидай өндіру көлемі артып келеді. Соған қарамастан азық-түлік қауіпсіздігін басты назарда ұстаған жөн. 

Қатысты жаңалықтар

Шымкенттегі 500 адамға арналған тойхана мектепке айналды

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕГІ САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕ ҚАСЫМЖОМАРТ КЕЛДІ

azatmedia

Don’t Expect the Insurance Industry To Protect You From Climate Change

azatmedia

Пікір қалдыру