Соңғы жаңалықтар

Тағы бір белгілі саясаткер қызметінен кетті

Сауат Мыңбаевтың кеткені рас боп шықты, – деп хабарлайды zakon.kz Nege.kz-нің жазғанына сілтеме жасап.

Өз оқырманына сілтеме жасаған басылымның дерегінше, Сауат Мыңбаев омыртқасынан алған ауыр жарақаттың салдарынан қызметтен кетуге арыз жазуға мәжбүр болған.

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы биыл 23 қаңтарда ҚТЖ басшысы Сауат Мыңбаев спортпен айналысып жатқан кезде омыртқасынан жарақат алғанын, қазір ем алып жатқанын, денсаулығына еш қауіп жоқ екенін хабарлаған. Бірқатар ақпарат құралдары С.Мыңбаевты шұғыл түрде Германияның атақты «Шарите» ауруханасына жеткізгенін жазған еді.

Екі айдан астам уақыт өтсе де, С.Мыңбаев алған жарақатынан әлі айыға қоймапты.

Сауат Мұхамбетбайұлы қызметтен кетуге мәжбүр болды. Өйткені оның омыртқадан алған жарақаты тым ауыр. Әлі қозғала алмайды. Жағдайы мүшкіл. Сол себепті қызметтен кетуге арыз жазуға мәжбүр болды, – дейді оқырман.

Сауат Мұхамбетбайұлы Мыңбаев 1962 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әр жылдары түрлі лауазымды қызметтер атқарды. Қаржы вице-министрі, Президент әкімшілігі басшысының орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі, вице-премьер, Индустрия және сауда министрі, Энергетика және минералды ресурстар министрі, Мұнай және газ министрі, «ҚазМұнайГаз» ҰК басқарма төрағасы болды. Соңғы атқарған қызметі – «Қазақстан темір жолы» басшысы.

Әлгі оқырманның айтуынша, Үкімет басшысы Асқар Мамин Мыңбаевтың орнына лайықты кандидат іздеп, басы қатып жатыр.

Қатысты жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ БОЙЫНША ФРАКЦИЯ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

azatmedia

В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛСЯ ИСТОРИЧЕСКИЙ ПАМЯТНИК МИНАРЕТ «ХЫЗЫРА»

azatmedia

Азаматтарды жұмыспен қамту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылған

azatmedia