Соңғы жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТЫҚ КӨП БАЛАЛЫ ЖЕКЕ КӘСІПТІ ТАҢДАП ОТЫР

Әлі Айгүл Бейсенбайқызы 4 баланың анасы. Жолдасы Жаскешу ауылында орналасқан май құю бекетінде жұмыс істейді. Көп балалы отбасы 2019 жылдың желтоқсан айында мемлекет тарапынан беріліп жатқан қайтарымсыз 505 мың теңге грантын жеңіп алады. Сөйтіп, Айгүл қағазбастылыққа тәуелді мұғалімдік жұмысынан өз еркімен шығып, қайтарымсыз алған грант қаржысын тиімді жолмен жүргізуді көздейді. Содан Жаскешу ауылынан тігін цехын ашады. 505 мың теңгеге тігін машиналарын, үтік, үтіктеуге арналған арнайы үстел тақтасын, тағы да цехқа қажетті құрал-жабдықтарды алады. Таңнан-қара кешке дейін мектепте жүріп, әр айда алатын еңбекақысын күтіп отыратын көпбалалы ана мемлекеттік қолдаудың арқасында өз кәсібін ашып, өзіне ыңғайлы жаңа жұмысын бастады. Соның арқасында ол күнделікті табысын тауып, берекелілік пен молшылыққа кенеліп жүрміз дейді. Арнайы жұмыс кестесіне бағынбайтын цех басшысы осы жұмысы басталғалы бері балаларына да уақыт бөліп, сабақтарын да тыңғылықты оқыта алатынын айтып қуануда. Қазіргі таңда Айгүл Бейсенбайқызының тігін цехы түрлі бұйымдар мен құрақ-көрпелерге, қыз жасауы мен көйлек, камзолдарға тапсырыс қабылдайды. Сонымен қатар, киімді ретке келтіру, етек-жеңін қысқарту деген сияқты жұмыстарды да жауапкершілікпен атқарады. -Қазіргі таңда, бәрі ойымдағыдай өзгеруде. Кәсібім де күннен-күнге алға жылжыуда. Тапсырыс берушілер легі де жетерлік. Осындай мемлекеттік қолдауды алып, жаңа дүниенің басын бастағаныма қуаныштымын. Жауапты мамандарға, мемлекет басшылығына ана ретіндегі ерекше алғысымды білдіремін,- дейді мемлекеттік грантты ұтып алған Айгүл Бейсенбайқызы. Биылғы жылы ауданда жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар 209 азаматқа беру межеленген болса, қазіргі таңда 172 азаматқа қайтарымсыз грант берілді. Оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 116 көпбалалы отбасы.

Қатысты жаңалықтар

В ИНВЕСТИЦИОННОМ ШТАБЕ ШЫМКЕНТА ПРЕЗЕНТОВАЛИ НОВЫЕ ПРОЕКТЫ

azatmedia

Дінді ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ 147 АЗАМАТҚА ЖАЛДАМАЛЫ БАСПАНАНЫҢ ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫС ЕТІЛДІ

azatmedia

Пікір қалдыру