Басты жаңалықтар

Сенаторларды не алаңдатып отырғаны белгілі болды

Аnyqtimes.kz. Елімізде темекі қымбаттады. Бағаның өсуіне сенаторлар да алаңдап отыр. Сергей Ершовтің сөзінше, өнім құны бұлай кете берсе, соңы заңсыз саудаға ұласуы мүмкін деп хабарлайды КТК арнасы.

«Әрине, темекі нан емес, ол маңызды өнімге жатпайды. Өзімді темекі шегудің жақтаушысы санамаймын. Алайда бұл біздің азаматтарымыздың белгілі бір бөлігіне қажет. Бір қорап темекінің бағасы өсіп, халықтың табысы бұрынғы деңгейде қалып отырған жағдайда, шығынның одан әрі өсуі заңсыз сауда үлесінің едәуір артуына әкелуі мүмкін», – дейді сенат депутаты Сергей Ершов.

Депутаттар сапасы күмәнді арзан контрафакті өнімдерді тұтыну азаматтардың денсаулығын құртатынын, ал денсаулығы нашарлаған адамның емделуіне біраз ақша керектігін де атап өткен.

Ресми деректер бойынша, соңғы 10 жылда темекі өніміне қосымша салынған салық 10 есе өскен. Сенаторды қымбаттаған акцизден түскен табыстың қайда кеткені алаңдатып отыр. Ершов үкіметке бұл ақшаны халықтың әлеуметтік осал топтарының мәселесін шешуге жұмсау керек деп есептейді.

Қатысты жаңалықтар

Қырғызстанның премьер-министрі тағайындалды

azatmedia

Қазақстанда тоқал-туыстарына бизнес ашып берген шенеуніктер әшкереленеді

azatmedia

Баласымен жасты жігіпен құшақтасқан қазақстандық жұлдыздың басы дауға қалды (ВИДЕО)

azatmedia