Басты жаңалықтар

Елбасы қарсы: Бастама қолдау тапқан жоқ

Anyqtimes.kz. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, стадион қазақтың ұлы ақыны әрі философының атында қалуға тиіс, – деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жазды.

Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та ШҚО белсенділерінің «Абай арена» стадионының атауын өзгерту туралы ұсынысы талқылануда. Елбасы әрдайым өзіне қатысты мұндай «құрмет-қошеметке» қарсы. Н.Назарбаевтың пікірінше, стадион қазақтың ұлы ақыны әрі философының атында қалуға тиіс, деді ол.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласындағы «Абай Арена» стадионы мен бір көшеге Назарбаевтың есімін беру бастамасы көтерілген болатын. Жергілікті мәслихаттың хабарлауынша, бұл бастаманы «танымал спортшылар, қоғам қайраткерлері, интеллигенция өкілдері, жастар, ҮЕҰ, БАҚ және белсенділер енетін бастамашыл топ» ұсынған.

Бастамашыл топ Қарағайлы шағын ауданындағы көшеге және «Абай арена» стадионына (қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың құрметіне қойылған) елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді сұраған. Депутаттар бір ауыздан бұл ұсынысты қалалық мәслихаттың жақын сессиясында қарастыруды қолдады.

Қатысты жаңалықтар

Жириновский: «Бұрын мен тұрған көшені менің атыма беру керек»

azatmedia

Қазақстанда қыста ауа райы қандай болады?

azatmedia

Президент коронавирус індетін жасырып отырғандарды әшкереледі

azatmedia