Басты жаңалықтар Шоу-бизнес

Карантиге қарамай той өткізген Қуандық Рахым жазаға тартылатын болды

Куандык Рахым

Жезқазғанда карантинге қарамастан, өткен демалыс күндері той өтіп, онда қазақстандық эстрада жұлдыздары келген, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде 19 қазанда Жезқазғанда қазақстандық әнші Қуандық Рахымның үйлену тойы туралы мәлімет тарады. Салтанатты шараға әнші мен оның қалыңдығының жақындары ғана емес, әріптестері де келген, олардың қатарында Төреғали Төреәлі, Дидар Қамиев, Нұрболат Абдуллин және басқалары бар. 

«Жезқазған қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы 19 қазанда «Ұлытау» мейрамханасында жүзге жуық адам қатысқан үйлену тойы өткенін хабарлайды. Материал Жезқазған қаласының полиция басқармасының есеп кітапшасына тіркелген. Жеке кәсіпкерік иесі мен іс-шараның иесі жауапкершілікке тартылады», – деді Қарағанды облысы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің ресми өкілі Айгүл Шатекова.

Қатысты жаңалықтар

Атырауда ер адам Instagram-дағы жазбасы үшін сотталды

azatmedia

Шымкент: Онлайн форматтағы жаңа ән байқауы басталды

azatmedia

Тұңғыш Президент қызының шетелдегі 131 миллион доллары елге қайтарылады

azatmedia

Пікір қалдыру