Қоғам

«Масқара!» – Қарақат Әбілдинаның желдегі жазбасы жұртты шошытты

ANYQTIMES.KZӘнші, көпбалалы ана Қарақат Әбілдина мереке күні Алматыда бір топ әйелдің жиналғанына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әнші жиналғандардың әрекетін ардан безген азғындарды қолдау деп атады.

«Бір топ қазақ қыз-келіншектері ардан безген азғындардың тірлігін қолдауды сұрап шеруге шықты. Қазақ деймін-ау, әсте қазақ емес болар. Ұлттық құндылықтан ада, ар-ұяттан жұрдай, ардан безген азғындар бір жынысты жұпты, жезөкшелікті, тағы бірсыпыра айтайын десең ауызға ұят, естиін десе құлаққа ұят сөздерді айтып, сондай топтардың құқығын заң бойынша қорғауды талап еткен», – деп жазды Әбілдина.

Ол сондай-ақ, әлеуметтік желіде тарап жатқан фото-видеоларды әрі қарай таратпауға шақырды. Оның сөзінше, видео арқылы оларға жарнама жасалады. 

«Менің парақшамда 7 жастағы баладан 70 жасқа дейінгі қалың халық отыр. Жантүршіктірер видеоны салу керек деп таппадым. Мұндағы миллиондаған оқырманға ол қасиетсіздердің атын атап, түсін түстеп көрсеткім келмейді», – деді ол.

Сонымен қатар әнші бір топ әйелге көшеге шығуға кім рұқсат бергенін сұрады.

«Жалпы ол азғындарды тап мереке күні Алматының ең басты көшелерімен тайраңдатып сағаттап жүргізіп қойған қай күш? Кімге сеніп шықты олар шеруге? Кімге арқа сүйеп, сағаттар бойы сайрап тұр?! Демек, қолдаушысы бар болғаны да! Масқара! Қайда бара жатырмыз?! Әлеуметтік желіде ЛГБТ қолдайтын парақшалар толып жүр. Кәдімгі қазақ редакторлары бар. Тіпті өздерінің тегін курстарын жасап қойған. Оларды кім қаржыландырып отыр?», – деп сұрады Әбілдина.

Ол қоғамның қорқынышты болып бара жатқанын айтып, қыз тағдыры, әйел тақырыбы қиындап тұрғанын жеткізді.

«Мына сұмдыққа нүкте қойылсын деп әрбіріміз үн қосуымыз керек. Естісек те естімегендей, көрсек те көрмегендей болып, «сен тимесең мен тиме» деп маңқиып отыра беру қазақтыққа, арға сын. Сондықтан, хат, пікір жазып, дабыл қағып, мына сорақылықты тоқтату керек! Әйтпесе, ұлт тәрбиесі, ел болашағы бұлыңғыр», – деп жазды әнші.

Қатысты жаңалықтар

ҚАРТТЫҚТЫҢ ДА ЖАУАПКЕРШІЛІГІ БАР

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ АШЫЛЫП ЖАТЫР

azatmedia

Оқушылар наразылық білдірді

azatmedia