Басты жаңалықтар

1 ақпаннан бастап қағаз ақшаларыңыз жарамсыз болып қалуы мүмкін

Azat-media.kz. Ұлттық банк 2021 жылдың 1 ақпанында 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау және ауыстыру мерзімі аяқталатынын мәлімдеді, – деп жазады sputnik.kz.

Ақшаны жеке тұлғалар ғана Ұлттық банктің филиалдарында айырбастай алады.

Осы аталған банкноттар болған жағдайда, ҚҰБ-тің жақын маңдағы филиалына барып, 2021 жылдың 1 ақпан күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-ге дейін ұлттық валютаның қолданыстағы ақша белгілеріне ауыстырып алу керек.

2021 жылдың 2 ақпанынан бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қабылданбайды және ауыстырылмайды.

Қосымша сұрақ туындаса, 1477 нөмірі арқылы Ұлттық банктің байланыс орталығына хабарласуға болады.

Қатысты жаңалықтар

50 мың теңгенің кімдерге берілетіні белгілі болды

azatmedia

Партия талаптарына бағынбайтын мекеме басшысы

azatmedia

Дариға Назарбаева саясатқа қайта орала ма?

azatmedia